«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Ұлттық палата мен бизнес қауымдастық мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі олқылықтармен күресуде

2024 жылғы 30 Шілде
398 просмотров

«Атамекен» ҰКП салалық ұйымдармен бірлесіп, «Омаркет» электрондық дүкенінде кәсіпкерлердің жұмыс процестерін жеңілдететін елеулі өзгерістерге қол жеткізді. Сауда алаңында отандық тауар өндірушінің мәртебесін растаудың жаңа жүйесі іске асырылды.

Отандық өндірушінің мәртебесін растау жүйесінің тиімсіз жұмыс істеуі мәселесімен «Аврора Өндірістік кешені» ЖШС Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жүгінді. Компанияның бас директоры Данияр Алшанбаев атап өткендей, бұл басқа мүше мемлекеттердің әлеуетті өнім жеткізушілерінің нақты тауарларын мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысуға қолжетімділігін шектеді.

«Парфюмерлік-косметикалық өнімдер мен тұрмыстық химия тауарларын өндірушілер қауымдастығы» ЗТБ ұсынған мемлекеттік сатып алу бойынша статистикалық деректерге жүргізілген талдау ҰКП-на отандық өндірушілерді қолдау және қорғау мақсатында электрондық дүкенде жаңашылдықты енгізуге бастамашылық жасауға мүмкіндік берді.  

Енді электрондық дүкенде ұлттық режимнен алынған тауарлар бойынша СТ-КЗ орнына тек индустриялық сертификат пайдаланылады. Бастапқыда жаңашылдық 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді деп жоспарланған болатын, бірақ ОТӨ өтініштеріне байланысты мерзім 12 шілдеге дейін созылды. Бұл сертификат өндірушінің мәртебесін бұрынғыдай жеке тауарларға емес, бүкіл өндірістік желіге қолданылады. Инновация растау процесін жеңілдетуге және жеткізушілерді бақылауды күшейтуге бағытталған.

Осындай оң өзгерістерге қарамастан, кейбір мемлекеттік ұйымдар жеке кодтары мен сипаттамалары бар тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің (ТЖҚ) жүйеленген тізбесін қолданыстан шықпаған кодтармен алмастыра отырып, ұлттық режимнен шығаруды айналып өтудің жолын тапты. Бұл мәселе Омаркет, Электрондық қаржы орталығы, Ұлттық палата, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, «Аврора ӨК» және Парфюмерлік-косметикалық өнімдер мен тұрмыстық химия тауарларын өндірушілер қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен өткен конференцияда талқыланды.          

Талқылау барысында Омаркет өкілдері алып қою тізбесіне кіретін тауарларды сатып алу үшін қолданыстан шықпаған кодтарды пайдалану мүмкіндігін жабуға келісті. Алайда, бүгінде ұлттық режимді айналып өту жалғасуда және аталған мәселе шешілмеген күйінде қалып отыр.

Электрондық дүкеннің тиімді жұмыс істеуі үшін бар олқылықтарды жою қажет екені анық. Омаркет жетекші сауда алаңның бірі ретінде шешуші рөл атқарады және ұлттық режимді айналып өтудің алдын алу үшін қосымша шаралар қабылдауы тиіс.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әділ бәсекелестікті қамтамасыз етіп, ОТӨ-ді қолдайды. Жаңа регламенттер мен рәсімдерді енгізу кезінде туындайтын мәселелер ашық әрі адал жүйені құруға деген қызығушылықты талап етеді.

«Біз Аврора» өндірістік кешені мен Парфюмерлік-косметикалық өнімдерді өндірушілер қауымдастығының атынан аталған мәселені шешуге қол ұшын созғаны үшін Ұлттық палатаға алғысымызды білдіреміз. Отандық тауар өндірушілерді қорғау және қолдау мақсатында ынтымақтастығымыз одан әрі жалғаса беретініне сенімдіміз», - деп атап өтті Алшанбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер