«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Samal ауыз су өндірушісінің құқығы қорғалды

2024 жылғы 21 Тамыз
- Алматы қаласы
4161 просмотров

Дереккөз: https://samal.kz/

Алматыда Түрксіб ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен «Бизнес Парк Навигатор» ЖШС арасында даулы жағдай айтарлықтай шу болды. Мемлекеттік орган бизнес-кәсіпорынды лицензиясынан айырды. Кәсіпкер құқықтарын қорғау үшін «Атамекен» ӨКП жүгінді.

Ағымдығы жылы 17 шілдеде Алматы қаласы Түрксіб ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бұйрығымен Samal суын өндіретін «Бизнес Парк Навигатор» ЖШС өндірістік жайларға берілген лицензиясының күші жойылды. Бұнымен келіспеген кәсіпкер құқықтарын қорғау үшін «Атамекен»  ӨКП жүгінді. Құжаттарды зерделегеннен кейін заң блогының қызметкерлері Басқарма басшысының іс-әрекеттері қолданыстағы заңнама нормаларына қайшы келетінін атап өтіп, прокуратураға жүгінуге кеңес берді. Барлық қажетті құжаттаманы және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының бұйрығын зерттегеннен кейін прокурорлық актісімен лицензияны қайтарып алу заңсыз екендігі дәлелденді.

«Ереженің 30-тармағына сәйкес объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық шешімінен айыру «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінде көзделген тәртіппен күшіне енген сот шешімі бойынша жүзеге асырылады. Алайда, Түрксіб ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы А. Б. Мұсаева Ереженің 38-тармағында көзделген тоқтатуға негізсіз, яғни заңсыз бұйрық шығарды. Бұдан басқа, санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны тоқтату үшін ҚР заңдарында көзделген өзге де жағдайлар болған жоқ», - делінген Түрксіб ауданының прокуроры наразылығында.

Нәтижесінде мемлекеттік органның бұйрығы жойылды, кәсіпкердің лицензиясы қалпына келтірілді, ал Алматы қаласы Түрксіб ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысына қатысты әкімшілік іс қозғалды. Өткен жылы және ағымдағы жылдың 7 айында өңірлік палатаның заң блогында кәсіпкерлердің 320-дан астам өтініші, заңды тұлғалардың 200-ге жуық сұранысы қаралды. Құқықтық блок араласқаннан кейін кәсіпкердің 5 миллиард теңгеден астам сомасына 6 мыңнан астам құқықтары қорғалды (негізінен келісім комиссиясының материалдары бойынша).

«Құқықтық блок еліміздің кодекстері мен заңдарында, сондай-ақ заңнама актілерде бір-біріне қайшы келетін нормаларды анықтау бойынша өз бетінше жұмыс жүргізуде. Бұл жқмыстың нәтижесін арттыру мақсатында бейінді кеңестердің әлеуетін қоса отырып, әр блоктан бір-бір қызметкерді бекітіп салалық құқықтық проблемалардың тұрақты мониторингін жасап отыруды ұсынамын», - деп түсіндірді Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Мейрамбек Қаныбеков.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер