«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Ынтымақтастық қадамы

2024 жылғы 26 Тамыз
- Алматы қаласы
1304 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

2024 жылғы 26 тамызда Алматы екі елдің іскер көшбасшыларын, инвесторлары мен сарапшыларын біріктірген қазақстан-армян бизнес-форумының алаңына айналды. Бұл іс-шара екі елдің арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам ынтымақтастық пен өзара тиімді әріптестік үшін жаңа перспективалар ашты.

Қазақстан мен Армения өзара тиімді ынтымақтастық үшін айтарлықтай әлеуетке ие. Өткен жылы екі елдің тауар айналымы 103,67 млн. АҚШ долларын құрады. Алтыда өткен бизнес-форум жаңа мүмкіндіктер мен жобаларды талқылау алаңына айналды.

Қонақтарды қарсы ала отырып, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрсұлтан Шоқанов Қазақстан — экономикасы негізінен оның географиясымен, кең аумағымен және бай ресурстарымен айқындалатын ел екенін атап өтті. Екі ірі шекараның — Ресеймен және Қытаймен қиылысуы «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясында логистика, көлік және технологияларды дамытуда кең перспективалар ашады.

«Бүгін біздің индустриялық аймақты  көрдіңіздер. Байқағаныңыздай, мұнда тек Қытай ғана емес, Корей технологиялары да белсенді түрде енгізілуде. Оңтүстік азиялық инвесторлар Қазақстанға түрлі жобалар алаңы ретінде айтарлықтай қызығушылық танытуда. Алматы, әрине, ерекше назар аударуға лайық. Біз үш негізгі саланы белсенді түрде дамытып жатырмыз: біріншіден, бұл туризм. Біз қонақ үй мен нөмірлік қорды кеңейтіп жақсартуға, тек Алматыда ғана емес, Алматы облысында да туристік орындарды дамытуға күш саламыз. Қазақстан Қытайдан, Ресейден және басқа да достас елдерден келген туристер үшін тартымды бағыт ретінде қарастырылады. Екіншіден, бұл шығармашылық салалар мен IT секторы. Біз венчурлық қорлар мен стартаптарды қолдайтын үдеткіш қордың табысты жұмыс істейтінін мақтан тұтамыз. Бұл бастамалар технологиялық компаниялардың дамуына және инновациялық шешімдер жасауға ықпал етеді. Kaspi, e-gov сияқты мысалдары біздің осы саладағы әлеуетімізді растайды. Үшіншіден, бұл өндіріс. Бай шикізат базасы мен дамыған инфрақұрылымның арқасында Қазақстан таза өндірістерді қолдап, дамыта алады, жаңа қайта бөлулерді локализациялай алады және өз ресурстарын тиімді пайдалана алады. Бірлескен күш - жігермен біз алға қойған барлық мақсаттарды жүзеге асырып, Қазақстанның өңірдегі басты ойыншы ретіндегі ұстанымын нығайта алатынымызға сенімдімін», - деп атап өтті Нұрсұлтан Шоқанов.

Кәсіпкерлер палатасын таныстыра отырып, Нұрсұлтан Шоқанов бизнесті, оның ішінде инвесторларды қолдау тетіктері туралы әңгімелеп берді. Бұл жаңа жобаларды құрудағы сүйемелдеу, кеңес беру, бизнесті құқықтық қорғау, В2В кездесулерін ұйымдастыру және серіктестер табуға көмектесу. Армян бизнесінің өкілдері мұндай қолдауға таңдай қақты.

«Біз нақты жобалармен келдік. Қазақстандағы сауда және логистикалық орталықтарға инвестиция салуға ниет бар. Біз «Almaty Business Development» компаниясына және индустриялық аймаққа бардық. Мен Қазақстан ұсынатын бизнесмендерді қолдау шараларына таң қалдым. Менің ойымша, біздің желідегі көптеген кәсіпкерлер оны пайдалануға мүдделі болады. Егер Армениямен ынтымақтастық қызықты болса, біздің палата, біздің Ұлттық инновациялар және кәсіпкерлік орталығы да сіздің иелігіңізде», - деді Армения Республикасы халықаралық сауда палатасының сауда және инвестициялар комитетінің төрағасы Айк Маргарян.

Сондай-ақ, Армениядан келген кәсіпкерлер делегациясының «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының мүмкіндіктері мен әлеуетімен танысу жоспарында. Экономикалық аймақта олар өздерінің өкілдігі мен сауда орталығын ашуға ниетті.

«Армения Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасы бірінші кезекте еліміздің экспортын дамытуға мүдделі. Қазіргі уақытта біз өте қызықты жобаны жүзеге асырып жатырмыз – бұл бүкіл әлемге өкілдіктер – армян сауда үйлерін құру. Палата осы жоба операторларының функционалдығын өз мойнына алды. Оның мәні неде? Арменияда шағын және орта экспорттаушылардан өнім сатып алатын ұлттық экспорттық сауда үйі құрылды: біз жемістермен, белгілі брендтермен жұмыс істейміз және тиісінше жүктерді құрастырамыз және автокөлікпен жөнелтеміз. Біз қазіргі уақытта Ресей, Молдавия, Түркіменстан, Болгария мемлекеттерімен жұмыс істеп жатырмыз және тиісінше осында келген себебіміз - Қазақстанда серіктестер табу. Алдын ала әзірлемелер бар. Тауар айналымын ұлғайта отырып, біз елдеріміздің басшылары алдымызға қойған функционалдылықты орындаймыз», - деп Армения Республикасы сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті Карен Иванов бизнес-ынтымақтастықтың ұстанымын атап өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушы «Астана» дипломатиялық клубы ағымдағы жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Армения Республикасына сапары кезінде бизнес-форум өткізуге қатысты. Сол кезде іс-шараға 200 кәсіпкер тартылды. Бұл жолы одан әрі ынтымақтастыққа бағытталған 50 бизнес өкілі шақырылды.

«Бұл Алматыдағы алғашқы форум. Іс-шараны қолдаған «Атамекенге», Алматы қаласының әкімдігіне алғыс білдіреміз. Бұл бизнес форумның дәл осы жерде өткеніне өте қуаныштымыз. Алматы – бизнес шоғырланған өңір, оның әлеуеті зор және инвестициялар нарықтары ауқымды, Алматы өндіретін тауарларды импорттау үшін де көптеген мүмкіндіктері бар деп санаймыз. Қазақстан мен Армения арасындағы қарым-қатынас өсуде, сауда жыл сайын өсуде. Әзірше, бір-біріміз туралы білетініміз аздау, сондықтан бұл форум нарықтарымызды, мүмкіндіктерімізді жақсы түсінуге ықпал ететін, етене танысуға мүмкіндік туғызатын шараларының бірі», - деп атап өтті «Астана» дипломатиялық клубының президенті Қайырболат Сахметов.

Қазақстан-армян бизнес-форумы екі тараптың да іскерлік байланыстарын тереңдетуге және бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға мүдделілігінің жоғары деңгейін көрсетті. Бұл шаоаның нәтижелері берік серіктестік құруға ықпал етеді және екі елдің экономикасына айтарлықтай пайда әкеледі деп күтілуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер