«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Бизнестің экологиялық тазалығы - заман талабы

2024 жылғы 02 Қыркүйек
- Алматы қаласы
271 просмотров

Дереккөз: akorda.kz

Жаңа Жолдауда Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев басты басымдықтар арасында бизснестің жасыл болуы қажет екендігін атап өтті.  Экологиялық ахуалды жақсартуға атсалысуды және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды дамыту  - замануи кәсіпкерліктің міндеттерінің бірі.  

Бизнесті дамытумен қатар, ортаны қалыптастыру, оны әдетке айналдырып, болашақ ұрпақ санатына сіңіру – әр кәсіпкердің  бизнес-мәдениетін қалыптастыру паразы және жалпы азаматтық парызы болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, бизнес - экологиялық таза болуға ұмтылуы керек.

Бұл заман талабы болғанымен қатар елдің тұрақты болашағын қамтамасыз ету қажеттілігі. Жасыл технологияларды өндіріс процестеріне енгізу - көміртегі ізін азайту және қоршаған ортаға әсерді азайтудың тура жолы.

«Blue Sky Taxi» және «Blue Sky Energy» компаниялары Алматының ауасын тазартуға үндейді. Олардың қолдансқа енгізген электрокарлар саябағы қаладағы ең танымал туристік бағыттарға қызмет етеді. Экологиялық көлікті пайдалана отырып, кәсіпорын алматылықтар мен қала қонақтарын айналамыздағы ауаны таза ұстауға шақырады. Электрокармен жүруді қалаған 150 мыңнан астам компания клиенттері қазіргі таңда қоршаған ортаға 1 тонндан астам зиян газдардың шығуына жол бермеді.

«Біз электротакси компаниясы ретінде қалада қуаттау станцияларының инфрақұрылымын дамытып келеміз. Себебі, қала тұрғындары электрокарларын пайдаланып, қоршаған ортаға шығарылатын зиян газдардың мөлшерін азайтса екен дейміз. Президентіміздің Жолдауын толық қолдаймыз! Менің пікірімше, қазіргі заманда бизнес пайда тауып, қызмет көрсету сапасын, сату көлемін  арттырумен қатар, қоршаған ортаны таза ұстауға барлық мүмкіндіктерін жұмсауы қажет. Өз қызметін ғана зиянсыз етуге тырысумен шектелмей, табиғатты жақсартуға үлкен назарын аударуы тиіс. Ерекше атап өткім келетіні – «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бұл бастамаға ерекше назар аударып, таза кәсіпорындарға жан-жақты көмектесіп, олармен тығыз байланыста болады. Басқа да кәсіпкерлер, әрине, назрасыз, көмексіз қалмайды, дегенімен, экологияны жақсартуға үлесін қосуды құптайды. Мысалы, бастапқы кезеңде, біз электрокарлар паркі мен электр қуатымен қуаттандыру станцияларының желісін құру идеясын енді ғана көтерген кезде, бізге үлкен көмек көрсетті», - дейді Әуез Төлегенов.

Шынында да, заманауи бизнесте ғылыми технологияны қолдану экожүйеге зиян келтірместен ресурстарды басқаруды жақсартуға және өнімділікті арттыруға көмектеседі. Ал мемлекеттік қолдау және қолайлы нормативтік-құқықтық базаны құру тұрақты тәжірибеге көшу үшін маңызды шарттарының бастысы болады. Сайып келгенде, кәсіпкердің пікірінше, экологиялық таза бизнес табиғатты сақтауға ықпал етіп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашады, өмір сүру сапасын жақсартады және Қазақстанның халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер