«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Алматы қаласындағы 700-ден астам балабақшаға жабылып қалу қауіпі төніп тұр

2024 жылғы 10 Қазан
- Алматы қаласы
3716 просмотров

Дереккөз: pandaland.kz

Жабылу қауіпі жеке меншіктегі балабақшаларға төніп тұр. Жағдайды екі жолмен шешуге болады: бірі жұмысты тоқтатып, мектепалды даярлық ұйымын жабу, екіншісі - барлық құжаттаманы ауыстыру.  Алайда, меншік иелері үшін екінші жолы 2 миллионнан бастап 40 миллионға дейінгі шығынға апарады. Жағдайды шешу мақсатында кәсіпкерлер «Атамекен» палатасының жанындағы кәсіпкерлер құқығын қорғау және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңеске жүгінді.

Қала бойынша 728 жекеменшік балабақша жеке тұрғын үй және көппәтерлі тұрғын үй секторында орналасқан. Заңнама талаптарына сәйкес осы объектілердің барлығы тұрғын үй секторынан шығарылуы тиіс. Негізінен, үй салынған жер телімдерінің нысаналы мақсаты өзгертілуі тиіс: ЖТҚ-дан коммерциялық құрылым мәртебесіне. Тиісінше, мұндай мекемелер салықтарды есептіліктің 700 нысаны бойынша төлеуі керек, әйтпесе олардың жұмысы заңсыз кәсіпкерлік болып танылады.

Дана Порхоноева көптеген жылдар бойы коттеджді жалға алып жеке балабақша ашқан. Оның өзі кәсіпкер ретінде салық төлейді. Бірақ салық төлеу туралы жаңа хабарлама алған үй иесі заңға қайшы әрекеттен аулақ болуы үшін оған көшуді ұсынады. Себебі, үй соғылған жер телімін ЖТҚ санатынан шығару және оны алдын ала есептеулер бойынша коммерциялық учаскеге ауыстыру құны шамамен 20 миллион теңгені құрады. Үй иесі мұндай шығындарға дайын емес. Бұл Алматы қаласының  жеке меншіктегі 728 балабақшаның басымды көбісінің проблемасына айналды.

«Мен жеке бала бақша ашқаныма 10 жылдай болды. Осы жылдар ішінде мұндай талаптар қойылмады. Тек биыл ғана біз бұл проблемаға тап болдық», - дейді кәсіпкер, жеке балабақша иесі Дана Порхоноева.

Жердің аумағына байланысты оны ЖТҚ-дан шығару құны иелеріне 2 миллионнан 40 миллион теңгеге дейін шығын әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, процедура шамамен бір жылға созылуы ықтимал. Яғни, жұмысты шексіз уақытқа тоқту керектігін білдіреді. Бұл жағдай кәсіпкерлерден өзінен басқа балаларға, олардың ата-аналарына қатысты. Қарқынды демографиялық өсумен байланысты мектепке дейінгі мекемелердегі орын тапшылығы қазірдің өзінде ата-аналар үшін айтарлықтай қиындық туғызуда. Ал, халық санының жылдағы өсімін ескеріп, көптеген адамдарды балабақшалардағы орындардан айыруға жол беруге болмайды, - дейді Кеңес мүшелері.

Кәсіпкерлер бұл мұңын Алматы қаласының «Атамекен» палатасы жанындағы құқықтарды қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңеске ақтарған болатын. Кеңестің 8-ші отырысының шешімі қала прокуратурасына жіберілді. Қадағалау органы хабарламаларды заңсыз деп тану туралы ұсыныс енгізді. Әзірге салық органдары жергілікті жерлерде оны қарап, орталық орган шешімін күтуде. Жағдайды ушықтырмас үшін, кеңес Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтары жөніндегі уәкілге Жер кодексінің 107-бабының қолданыстағы редакциясына жеке меншіктегі мектепке дейінгі мекемелерге жалға берілген жеке үй құрылыстарының жер учаскелерін нысаналы тағайындау режимін белгілеу қажеттігі туралы өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жолдауды ұйғарды. Бұл құқықтық қайшылық ҚР Үкіметі деңгейінде көтерілуі тиіс, - деп санайды Кеңес мүшелері.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер