«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Келешегі кемел бизнес: Қазақстан мен Германия бірлескен жобаларды талқылады

2024 жылғы 15 Қазан
3823 просмотров

Бүгін Астанада қазақстандық және неміс компанияларының қатысуымен өңдеуші өнеркәсіптегі ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Негізгі мақсат – жаңа іскерлік байланыстар орнату және бірлескен инвестициялық жобаларды талқылау. Германия – Еуразиялық экономикалық одақ экономиканың түрлі секторларындағы шағын және орта компанияларды біріктіреді. Іс-шараға машина жасау, металл өңдеу, құрылыс, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу және басқа да салалардағы 17 неміс компаниясының өкілдері қатысты. Қазақстан тарапынан Қазақстанның өңдеу секторының қауымдастықтары мен кәсіпорындары болды.

Кездесуде «Атамекен» ҰКП Басқарушы директор – Өңдеу өнеркәсібі департаментінің директоры Асқар Алмат және Германия – Еуразиялық экономикалық одақтың президенті Д-р Томас Овербек сөз сөйлеп, Қазақстан мен Германия арасындағы байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Соңғы жылдары Германия Қазақстанның басты сауда серіктестерінің бірі ретінде танылды. 2023 жылы екі елдің тауар айналымы шамамен 4 млрд долларға жетіп, оң динамика биыл да жалғасын табуда.

 Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі екі ел арасындағы тауар айналымын ұлғайту, технологиялар трансфері, жабдықтар сатып алу, сондай-ақ бірлескен кәсіпорындар құру үшін өзара мүмкіндіктер ашудың маңыздылығына тоқталды.

 «Екі елдің қарым-қатынасын кеңейту мақсатында біз неміс әріптестерімізді қазақстандық өндірушілермен өзара ынтымақтастыққа шақырамыз. Ұлттық палата тарапынан біз қос елдің ынтымақтастығын кеңейтуге барынша қолдау көрсетуге дайынбыз», - деді А.Асқар.

Германиядан келген делегация жергілікті нарықтың мүмкіндіктерімен жақынырақ танысу үшін бірқатар қазақстандық кәсіпорындарға, соның ішінде Астана қаласындағы Alstom электровоз құрастыру зауытына және Қарағанды құю – машина жасау зауытына баруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы неміс делегациясының қатысуымен машина жасау салалық Кеңесінің отырысын өткізуді жоспарлауда. Кеңес аясында сауда-экономикалық ынтымақтастық және қарағандылық машина жасаушылармен бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланады.

Іс-шара В2В-келіссөздер жүргізумен аяқталды. Онда компания өкілдері әлеуетті бірлескен жобаларды талқылап, ынтымақтастықты нығайту жөніндегі алдағы қадамдарды нақтылады.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер