«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қысым тоқтатылды

2024 жылғы 07 Қараша
- Алматы қаласы
335 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Алматы қаласы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы қызметкерлерінің Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес мүшелері іс-әрекеттерін бизнеске қасақана қысым деп атады.

 «Diamond-1 басқарушы компаниясы» ЖШС мен қала құрылысы және урбанистика басқармасы арасында текетірес 8 ай бойы жалғасты. Түсінбеушілік кәсіпорынның белгісінен туындады. Мемлекеттік органның өкілдері бұл әрекетті кәсіпорынның автокөлік жуу туралы ақпаратты сыртқы (көрнекі) жарнама ретінде мемлекеттік органға хабарламай орналастыру фактісі деп тапты. Сайып келгенде, заң бойынша бұндмай іс-ұимыл айыппұлға әкелуі мүмкін. Кәсіпкер бұл белгіні жарнамалық өнім деп санамайды. Бірнеше қайтара жауап хат жазудан шаршаған компания өкілі Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңеске жүгінді.

Кеңес мүшелері бұл мәселені Экономикалық тергеу департаментінің өкілдерімен бірлескен көшпелі отырысында талқыға салды. Фактіні зерттегеннен кейін Кеңес мүшелері мен ЭТД өкілдері мемлекеттік орган айыппұл санкцияларын салмаса да, кәсіпкерге қасақана қысым көрсетіп, әкімшілік тосқауыл қойды деген ортақ пікірге келді. Нәтижесінде қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының маманына қысымды тоқтату ұсынылды.

Ал, апат кезінде шұғыл жедел қызметтерді шақыру құрылғыларын Қазақстанға жаппай әкелу мәселесі егжей-тегжейлі талқылауды қажет етеді. Инновациялық технологиялар паркі АЭА инновациялық компаниялар қауымдастығының өкілі фактіні контрафактілік тасымалдау деп атап, мемлекетке 450 миллион теңгеден астам сомада залал келтірілгенін атап өтті. Талқылау барысында Алматы қаласы бойынша ЭТД басшысы Д. М. Ақжанов барлық мүдделі мемлекеттік органдарды шақыра отырып, бұл мәселені қызметтік тәртіпте қарауды ұсынды, себебі ауқымды мәселенің жүйелі сипаты бар.

Жалпы, экономикалық тергеу департаментінің басшысы атап өткендей,  ЭТД  қызметінің міндеттерінің бірі кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, бизнеске заңсыз араласу және кәсіпкерлерді қылмыстық қудалау орбитасына тарту фактілеріне жол бермеу болып табылады. Сондықтан өтініштер бойынша алдымен мұқият талдамалық және жедел әзірлеу жүргізіледі. Тек фактілер расталған жағдайда ғана сотқа дейінгі тергеу басталады.

Кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасында туындайтын даулардың көпшілігін кеңестердің осындай отырыстары барысында шешуге болады.

«Атамекен» ӨКП жанындағы құқықтарды қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес пен Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті арасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған жұмысты күшейту шеңберінде біздің қаламыздағы экономикалық қауіпсіздік саласын қамту үшін өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер