«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Бизнеске қысым көрсету деректері және нормалар: ҰКП-да ВАЖТ отырысы өтті

2024 жылғы 27 Қараша
119 просмотров

Ұлттық палатада Бас прокуратура, тергеу органдары мен бизнес-қауымдастық өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобының (ВАЖТ) отырысы өтті. 

Кездесудің басты тақырыбы қылмыстық процесте бизнеске қысымды төмендету үшін шешімдер әзірлеу, құқық қолдану практикасын жақсарту және қолайлы кәсіпкерлік ортаны дамытуға ықпал ететін тетіктерді енгізу, сонымен қатар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту болды.

«Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы бизнесті қорғау мәселелеріне зор мән береді. Адал кәсіпкерлер негізсіз айыптаудың құрбаны болмауы керек. Мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, қоғамдық мүдделер мен бизнес құқықтарын қорғау арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ете аламыз», - деп атап өтті «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Г. Бижанова. 

Ұлттық палата қамауға алудың орнына кәсіпкерлер үшін негізгі бұлтартпау шарасы ретінде кепілді пайдалануды қолға алуда. Бұл тәсіл бизнесті жоюға және жұмыс орындарын жоғалтуға әкелетін репрессиялық әрекеттерді азайтуға бағытталған.

Сондай-ақ ұйымдасқан қылмыс туралы нормаларды коммерциялық ұйымдарға қолдануды болдырмау үшін заңнамаға өзгеріс енгізу туралы бастама да бар. Бұл бизнеске шамадан тыс қысымды болдырмас үшін экономикалық қызметке байланысты қылмыстардың санатын қайта қарау қарастырылған.

Айта кетейік, ведомствоаралық жұмыс тобының отырыстары кәсіпкерлерге қатысты құқық қолдану практикасын жақсарту бойынша тиімді шешімдерді іздеу үшін барлық мүдделі тараптардың қатысуымен тұрақты негізде өткізілетін болады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер