«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Степногорск қаласында жыл сайынғы бизнес-форум өтті

2024 жылғы 02 Желтоқсан
- Ақмола облысы
2031 просмотров

Форумға Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасының сарапшылары, Степногорск қаласының әкімі Гайдар Қасенов, қалалық прокуратура, мемлекеттік органдар, қаржы институттары, қоғам, бизнес субъектілерінің өкілдері қатысты.

Бұл бизнес-форум жыл сайын ұйымдастырылады. Оның мақсаты - билік пен бизнес өкілдері арасындағы диалогты нығайту, кәсіпкерліктің өзекті мәселелерін қарау, оларды шешу жолдарын іздеу. Іс-шара барысында өңірдегі шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, мемлекеттік бағдарламалар, даму институттары шеңберінде кәсіпкерлерді қолдау құралдары талқыланды.

Гайдар Қасенов өзінің алғы сөзінде кәсіпкерлердің қала экономикасын дамытуға қосқан үлесін атап өтіп, бүгінде Степногорск инвестиция мен инновацияларды тарту орталығына айналғанын атап өтті. Айта кетейік, қуаттылығы жылына 7,5 мың тоннаға дейін марганец («SARECO» ЖШС) және жалпы құны шамамен 10 млрд теңгені құрайтын металл конструкцияларын («Целингормаш» ЖШС) өндіру бойынша екі инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған. Шағын және орта бизнес белсенді дамып келеді. Шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай кешенді бағдарламасы шеңберінде 937 млн теңгеден астам сомаға 35 жоба субсидияланады. Бөлшек тауар айналымының көлемі 7 млрд теңгеден асты.

Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының Степногорск филиалы бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы байланыстырушы буын. Оның алаңында өңірлік кәсіпкерлер кеңесі, іскер әйелдер кеңесінің отырыстары, кеңестер, кәсіпкерлердің мемлекеттік органдар, қаржы институттарының өкілдерімен кездесулері, бизнесті ұйымдастыру және дамыту мәселелері, заңнамадағы жаңалықтарды және басқа да мәселелерді талқылау өткізіледі.

Филиал директоры Олжас Баймақовтың айтуынша, биыл бизнес субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа 768 қызмет көрсетілді. Кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен жалпы сомасы 917 млн теңгеге 34 жоба қаржыландырылды.

Өз кезегінде өңірлік палатаның директоры Ерқанат Мұсылманбек атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Бүгінгі таңда ӨКП атына бизнесті қорғау желісі бойынша 168 өтініш келіп түсті, оның 94-і оң нәтижеге қол жеткізді, үлесі - 62,4%. Қорғалған құқық сомасы 148 млн теңгеден асты. Қорғау желісі бойынша өтініштердің құрылымы түрлі, бірақ бұрынғыдай жер қатынастары саласы көш бастап тұр.

«Бізге келіп түскен өтініштер мемлекеттік органдар тарапынан репрессиялық сипат сақталатынын көрсетеді. Аталған проблемалардың көпшілігі мемлекеттік органдар, аудандық әкімдіктердің салалық бөлімшелері тарапынан құрылымды ынтымақтастыққа белсенді қатысқан және ұмтылған жағдайда жедел шешілуі мүмкін. Бұл тұрғыда жергілікті атқарушы органның көмегі маңызды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, форум қатысушыларына бүгінгі таңда кәсіпкерлер алдында тұрған жүйелі мәселелерді шешудегі құрылымды ынтымақтастығы үшін, сондай-ақ бизнеске әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған күш-жігері үшін алғыс айтамыз», - деп атап өтті ӨКП директоры Ерқанат Мұсылманбек.

Кездесу соңында кәсіпкерлер еркін микрофон форматында өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жауап ала алды. Бірқатар кәсіпкер экономиканың дамуына қосқан үлесі және қала өміріне белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Сондай-ақ, форум аясында жергілікті өндірушілердің көрмесі өтті. Онда өнімдердің дәмін татуға, презентациялармен танысуға, делдалдарсыз тауарлар мен қызметтер бойынша кеңес алуға мүмкіндік жасалды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер