«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Сауда және логистика: кәсіпкерлердің негізгі мәселелерін арнайы Кеңес шешуге көмектеседі

2024 жылғы 04 Желтоқсан
- Алматы қаласы
451 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП алаңында сауда және логистика жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Бизнестің осы саласының өкілдері бөлшек сауда саласындағы салық заңнамасын талқылап, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл стратегиясын әзірледі.

Сауда-саттықтың ең үлкен көлемі Алматының үлесінде. Қазақстандағы барлық сауда көлемінің 33 пайыздан астамы. Бұл дамыған логистикалық инфрақұрылымды қажет етеді. Айта кету керек, Алматыда бұл салада проблемалар жоқ емес. Отырысқа қатысушылар тауарлар бағасының өсуін, өнімді өткізудегі және сауда алаңдарына кірудегі қиындықтарды, бөлшек сауда саласындағы салық салуды талқылады.

«Біз бизнесті қандай да бір дұрыс емес әрекеттерден қорғап қана қоймай, сонымен қатар бизнеске мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасты дұрыс құруға көмектесуіміз керек. Яғни, мүмкін болатын дұрыс емес әрекеттердің алдын алуға. Бұл тұрғыда коммуникация маңызды», - деп атап өтті отырысқа қатысушы, «Tukano» ЖШС директоры және қалалық мәслихат депутаты Руслан Идрисов.

Әрбір мәселе бойынша 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын жасау кезінде Кеңес қатысушылары тиісті мемлекеттік органдардан мамандар шақырып туындаған мәселелерді бірлесіп шешуге ниетті.

Сонымен қатар, Алматы қаласы ӨКП директорының орынбасары Жанна Мырзақұлова өңірлік кеңеске сайлау тәртібін түсіндірді. 2025 жылғы 22 қаңтарда сауда және логистика жөніндегі кеңес мүшелері өңірлік кеңеске  екі кандидат ұсынуы тиіс. Өңірлік кеңестің құрамын жаңарту қолданыстағы құрамның мерзімі аяқталуына байланысты, және Ұлттық палатаны трансформациялау шеңберінде жүргізіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер