«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Павлодарлық кәсіпкер мен «Атамекен» палатасы соқырлар қоғамына тәтті сыйлықтар тапсырды

2024 жылғы 23 Желтоқсан
- Павлодар облысы
258 просмотров

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасына «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ облыстық филиалы хат жолдап, көру қабілеті нашар болғандықтан есепте тұрған балаларға жаңа жылдық сыйлықтар алуға көмек көрсетуді сұрады.

Қазақ соқырлар қоғамында бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер есепте тұр. Олардың мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалары бар. Демеушілердің көмегімен бұл қоғамдық бірлестік олар үшін балалар мерекелерін ұйымдастырады.

«Бұл туралы хат алған «Атамекен» палатасы кәсіпкер, ӨКП өңірлік кеңесінің мүшесі, Каусар ЖК басшысы Айдар Құрымбаевқа өтініш білдірді. Ол 27 тәтті-дәмділер сатып алып, тегін сыйға тартты», - деді Павлодар облысы кәсіпкерлер Палатасының директоры Ерқанат Әбенов.

Дәмді сыйлықты тапсыру рәсімі соқырлар қоғамының кеңсесінде өтті.Кәусар ЖК  осы қоғамдық ұйымның алғыс хатымен марапатталды. Өңірде «Атамекен» Палатасына кіретін көптеген бизнес субъектілері қолдан келгеннің бәрін көрсетіп, адамдарға мерекелік көңіл-күй сыйлауға тырысады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер