«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы «Сауда және қызмет көрсету» салалық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті

2025 жылғы 13 Қаңтар
- Түркістан облысы
212 просмотров

Мақсаты, сату және қызмет көрсету кезіндегі төлемдерді қабылдау жүйесі және коммерциялық нысандарға арналған салық жүйесін түсіндіру. 

Жиынға «Сауда және қызмет көрсету» салалық кәсіпкерлер кеңесінің мүшелері, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері және кәсіпкерлер қатысты. 

Отырыс барысында Түркістан облысының кәсіпкерлерін алаңдатып отырған маңызды мәселелер талқыланды. Атап айтқанда:
    1.    Банктік аударымдар арқылы төлем қабылдау проблемасы.
Соңғы уақытта кәсіпкерлер арасында банктік аударымдарға (Каспи перевод) қатысты шектеулер мен тексерулер туралы мәселелер жиі көтерілуде. Белгілі болғандай, ай сайынғы аударым саны 100-ден асқан немесе сомасы 255 000 теңгеден асқан жағдайда, Мемлекеттік кірістер департаменті есепшоттарды бұғаттау немесе айыппұл салу әрекеттерін қолданатын болады. Мұндай шаралар кәсіпкерлердің қызметіне кері әсерін тигізіп, сауда және қызмет көрсету саласындағы бизнесті дамытуға тосқауыл болуы мүмкін.
    2.    Коммерциялық нысандарға арналған салық жүйесі.
Кәсіпкерлер салық салу жүйесіндегі өзгерістердің тиімділігі мен ашықтығы туралы сұрақтар қойды. Атап айтқанда, шағын және орта бизнестің салықтық ауыртпалығын төмендету және сауда нысандары үшін қолайлы шарттар жасау қажеттігі талқыланды.

Мәжіліске қатысқан Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап беріп, салықтық тексерулердің негізгі қағидаттарын түсіндірді. Олар кәсіпкерлерге салық міндеттемелерін дұрыс орындау бойынша ұсыныстар беріп, жаңа талаптарға сай әрекет ету жолдарын көрсетті.

Сонымен қатар, кеңес отырысында келесі ұсыныстар жасалды:
    •    Банктік аударымдар бойынша заңнамалық шектеулерді қайта қарау;
    •    Салықтық тексерулер кезінде бизнестің мүддесін қорғау;
    •    Сауда және қызмет көрсету саласы үшін арнайы жеңілдіктерді қарастыру.

Отырыс нәтижесінде кәсіпкерлер мен Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері арасында тығыз ынтымақтастық орнату қажеттігі атап өтілді. Бұл шаралар өңірдегі бизнес-қоғамдастықтың дамуына оң ықпал етеді деп күтілуде.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы өңірдегі бизнестің тұрақты дамуын қолдау бағытында жұмысын жалғастыра береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер