«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Алматы облысының Өңірлік кәсіпкерлер кеңесіне өтініштерді қабылдау аяқталды

2025 жылғы 14 Қаңтар
- Алматы облысы
377 просмотров

Алматы облысында өңірлік кеңеске сайлауға қатысуға кандидаттардан өтінімдер қабылдау аяқталды. Облыстық сайлау комиссиясының отырысында (құрамына депутат Серік Нұрқадыров, қоғам қайраткері - Қабасов Бақтияр «Республика» партиясынан), кәсіпкерлерден келіп түскен өтініштердің дұрыстығы қаралды. Өтініштер 17 желтоқсан мен 30 желтоқсан аралығында қабылданды.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының салалық және аудандық кеңесі мен аккредиттелген бірлестіктерінің мүшелері ұсынған құжаттармен комиссияға барлығы 32 өтініш түсті. Бір өтініш қабылданбады, ал қалған 31 өтініш толықтығы мен қажетті талаптарға сәйкестігі қаралды.

«Келесі кезең – кандидаттарды тіркеу немесе талаптарға сай емес кандидаттарды қарау үшін құжаттарды Ұлттық палатаның сайлау комиссиясына тапсыру», - деп түсіндірді облыстық сайлау комиссиясының мүшелеріне комиссия хатшысы Еркін Майлыбайұлы.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Бекеев бекітілген кандидаттар 2025 жылдың 17-26 қаңтары аралығында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын бастай алатынын айтты. Алматы облысының Өңірлік кәсіпкерлер кеңесіне сайлау бекітілген кестеге сәйкес 27-29 қаңтар аралығында өтеді. Сайлаушылар ұсынылған кандидаттарға өз салалық және аудандық кеңестері аясында дауыс бере алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер