«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Бизнес Павлодарлық «Атамекен» палатасында ЭТД басшысына сұрақтар қоя алады

2025 жылғы 21 Қаңтар
- Павлодар облысы
380 просмотров

Павлодар облысы экономикалық тергеу департаментінің басшысы өз құзыреті шеңберінде Павлодар облысының «Атамекен» Палатасында кәсіпкерлерді жеке қабылдауды өткізеді.

Кәсіпкерлік субъектілерін жеке мәселелері бойынша қабылдау бизнесті қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс аясында 24 қаңтарда сағат 11.00-ден 12.00-ге дейін өтеді. Кездесуге өңірлік және салалық кеңестердің мүшелері, сондай-ақ бизнестің барлық субъектілері шақырылады. Кездесуге 660311 (ішкі 5518) телефон нөмірі бойынша жазылуға болады.

"Мемлекеттік органдардың басшыларымен біздің "Атамекен "өңірлік палатасының алаңында жоспарланған тұрақты семинарлар, " дөңгелек үстел" отырыстары барысында ӨКП мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен жасасқан меморандумдар шеңберінде құқық қолдану практикасын зерделеу және түсіндіру мақсатында кездесуге болады", - дейді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер