«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

2025 – Жоғары оқу орындарының рейтингі. Жетістіктер айқын болғанымен, өсу әлеуеті әлі де бар

2025 жылғы 22 Қаңтар
631 просмотров

«Атамекен» ҰКП Басқарушы директоры – Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Азамат Бейсенбенов «Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету: жай-күйі мен даму перспективалары» форумында Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім беру бағдарламалары рейтингінің 2025 жылғы қорытындылары туралы айтып берді.

Форумды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету комитеті ұйымдастырды. Іс-шараға қазақстандық жоғары оқу орындарының ректорлары, білім беру саласындағы жетекші мамандар, аккредиттеу органдары мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өз сөзінде еліміздегі білім және ғылым жүйесінің ағымдағы жай-күйі, сондай-ақ білім беру қызметтерінің сапасын жақсартуға бағытталған басым мәселелер туралы айтты.

«Атамекен» ҰКП атынан Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Азамат Бейсенбенов сөз сөйледі. Ол Қазақстанның жоғары оқу орындарының 2025 жылға арналған білім беру бағдарламалары рейтингінің нәтижелерін ұсынды.  

«Жоғары оқу орындарының рейтингі талапкерлерге, олардың ата-аналарына, жұмыс берушілерге және білім беру мекемелеріне ақпарат беру үшін оқу орындарының білім беру бағдарламаларын бағалау мақсатында жасалады. Биыл рейтингте 2051 білім беру бағдарламасы ескеріліп, білім беру бағдарламаларының сапасы, студенттердің жетістіктері және жоғары оқу орындарының жалпы көрсеткіштері сияқты негізгі критерийлер бойынша бағаланды. Рейтингті жасауға 100-ден астам салалық сарапшы қатысып, объективтілігі мен шынайылығын қамтамасыз етті», - деп атап өтті Азамат Бейсенбенов.

Сонымен қатар 2024 жылғы түлектерді жұмысқа орналастыру статистикасына ерекше назар аударылды. Соңғы жылдардағы жұмысқа орналасуды талдау теріс динамиканы көрсетуде. 2024 жылы жұмысқа орналасу деңгейі 75% құрады, бұл алдыңғы жылдардағы көрсеткіштерден төмен (2023 жылы 81% және 2022 жылы 80%). Айтарлықтай өңірлік айырмашылықтар анықталды: Алматы облысында жұмысқа орналасу деңгейі 90% құраса, Қызылорда облысында бұл көрсеткіш 51% құрады.

Бұл ретте информатика, робототехника, техникалық физика және медицина саласындағы мамандарға жоғары сұраныс байқалады.

Тағы бір негізгі критерий – «Түлектердің орташа жалақысы». Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалып, 168 887 теңгені құрады.

Сондай-ақ, оқу аяқталғаннан кейін жұмыс іздеу ұзақтығы бағаланды. Орта есеппен, түлектер жұмыс іздеуге 3,3 ай өткізіп, олардың 60%-ы алғашқы үш айда жұмыс тапқан. 

Білім беру бағдарламаларының рейтингі қазақстандық жоғары оқу орындарының білім сапасын қамтамасыз етудегі елеулі жетістіктерін көрсетіп қана қоймай, ерекше назар аударуды қажет ететін бағыттарды да көрсетеді. Олардың қатарында оқу орындары мен жұмыс берушілер арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеуді белсенді ілгерілету бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер