"Бір терезе" қағидаты бойынша
Қостанай облысында маңызды бастама іске асырылуда: Кәсіпкерлер палатасы мен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының филиалы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде өңірдің кәсіпкерлері үшін жаңа мүмкіндіктер жасалуда.
1 ақпаннан бастап Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында ХҚКО қызметкері жұмыс жасай бастайды. "Бір терезе" қағидаты бойынша жұмыс кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қызметтерді алу процесін едәуір жеңілдетеді. Енді олар құжаттарды ресімдеуге байланысты мәселелерді шешу үшін бір орталыққа жүгіне алады, бұл күту уақытын қысқартады және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттырады.
Қостанай облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" МК " филиалының директоры Миржан Жаңабаев атап өткендей, бұл қадамға қажеттілік кәсіпкерлердің ХҚКО-ға жиі сұраныстарынан туындайды. Бірінші кезеңде бір қызметкер бөлінеді, алайда алдағы уақытта бизнес-қоғамдастықтың қажеттіліктеріне байланысты олардың санын көбейту жоспарлануда.
Өңірдің Кәсіпкерлер палатасының директоры Ренат Давлетпаев мұндай ынтымақтастықтың барлық кәсіпкерлерге айтарлықтай пайда әкеліп, процестерді ашық әрі жылдам ететініне сенім білдірді. Бұл бастама облыстағы бизнес-ортаны жақсартуға және кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: