«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Өнеркәсіп, құрылыс және ТКШ кеңесі «Атамекен» Павлодарлық кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне делегат сайлады

2025 жылғы 06 Ақпан
- Павлодар облысы
233 просмотров

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне осы салалық кеңестен «ЕДІГЕ ШОН» ЖШС директоры Тоқжан Мұзапаров пен «Айтымова» ЖК басшысы Лаззат Айтымова үміткер болды.

Кеңес мүшелері ашық дауыс беру арқылы «өз» адамын өңірлік кеңеске сайлады. Сонымен қатар, кандидаттардан өздерінің кәсіби жолдары мен кеңестегі жұмыс туралы айтып берулерін сұрады. Нәтижесінде Тоқжан Мұзапаров «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Өңірлік комиссияның хатшысы, Павлодар облысы ӨКП директоры Ерқанат Әбенов өңірлік кеңестің мақсаттары мен құзыреті туралы айтып, Тоқжан Мұзапаровты осы құрылымға сайлануымен құттықтады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер