«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Түркістан облысында мақта шаруашылығын дамытуға Қытай және қазақстандық инвесторлар бірлесіп кірісуде

2025 жылғы 07 Наурыз
- Түркістан облысы
308 просмотров

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында Қытай және өңірлік инвесторлар облысымызда мақта кластерін дамыту бойынша келіссөздер жүргізді. Сауран ауданындағы “Қазақстан Мақта” ЖШС кәсіпорнымен алдын ала келісім жасалып, бірлескен инвестициялық жоба қолға алынбақ.

Жоба аясында екі елдің инвесторлары заманауи мақта өңдеу зауытын құрып, мақта шаруашылығын жаңа деңгейге көтеруді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, егілген мақта алқаптарында демонстрациялық алаң ашылып, жергілікті шаруалар үшін білім беру және тәжірибе алмасу алаңына айналмақ. Бұл жерде фермерлер Қытайдың озық технологияларын меңгеріп, өндірістік тиімділікті арттыруға мүмкіндік алады.

Аталған бастама Түркістан облысындағы мақта өндірісінің дамуына серпін беріп, өңірдің ауыл шаруашылығы секторын нығайтуға бағытталған. Қазіргі таңда тараптар жобаға қажетті инвестиция көлемін анықтап, нақты іске асыру жоспарларын талқылауда.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер