«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Алматы қаласының экономикалық тергеп-тексеру депатаментінің басшысы кәсіпкерлермен жеке кездесу өткізді

2025 жылғы 18 Наурыз
- Алматы қаласы
202 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Кездесу «Атамекен» ӨКП алаңында өтті.  

Заңсыз тексерулер, мемлекеттік сатып алу процесінде белгілі өнім берушілерді негізсіз таңдауы, бөтен тауар белгілерін пайдаланатын жалған өндірушілер жайында және басқа да мәселелер бойынша кәсіпкерлер Алматы қаласы қаржы мониторингі агенттігінің экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Данияр Ақжановқа тікелей сұрақ қойып жауабын алды.

Әр сұрақ егжей-тегжейлі қаралды. Әрбір мәселенің мәні шеңберінде экономикалық тергеп-тексеру департаментіне, прокуратураға, мемлекеттік кірістер депатаментіне жазбаша немесе электронды түрде жүгіну ұсынылды.

«Атамекен» бизнесті қолдау және қорғау шеңберінде фискалдық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен тұрақты кездесулер ұйымдастырады. Іс-шаралардың барлық хабарландырулары біздің палатаның әлеуметтік желілері мен сайтында жарияланады. Біз кәсіпкерлікті табысты дамытуға мүдделіміз», - деп атап өтті Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП директоры Шыңғысхан Маманов.

«Біз Алматы қаласындағы «Атамекен» палатасымен тығыз жұмыс істейміз. Сонымен қатар, барлық кәсіпкерлерге ашықпыз. Өтініштер бойынша сотқа дейінгі барлық тергеулер мұқият қашықтықтан және талдамалық әзірлемелер жүргізілгеннен кейін басталады, бұл бизнеске араласпай қылмыстық әрекеттің белгілерін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, барлық тергеу әрекеттері кезекші бөліммен байланыстағы бейнекамералардың көмегімен онлайн режимінде тіркеледі, бұл олардың өшірілуіне жол бермейді. Өткен жылдың өзінде біз бизнестен түскен 70-тен астам өтініш қарадық», - деп атап өтті экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Данияр Ақжанов.

Бірде-бір үндеу назардан тыс қалмайды, деп сендірді заң мәселелері бойынша ӨКП директорының орынбасары Мейрамбек Қаныбеков. Ал мемлекеттік сатып алуға немесе заңнаманың жеткіліксіздігі түріндегі әкімшілік кедергілерге қатысты бірнеше өтініштер бойынша кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Бақытбек Бегалиев үндеуді бизнес-омбудсменге жолдайтынын айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер