«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Ауғанстан бизнес өкілдерінің Алматыға сапары: өзара сауда, тауар айналымы және мұнай-газ секторындағы ынтымақтастықты талқылау

2025 жылғы 19 Наурыз
- Алматы қаласы
373 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Кездесу Алматы қаласының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында өтті. Кандагар, Мазари-Шариф, Құндыз қалаларынан келген бизнес өкілдері Қазақстан кәсіпкерлерімен бірлескен бизнес-жобаларға қызығушылық танытуда.

Ауғанстаннан келген делегация өкілдері Алматыдан серіктестер іздейді. Оларды дәнді, бұршақты дақылдар, май, ұн, медициналық жабдықтар, офис техникасы, мұнай-газ өнімдерін сатып алу қызықтырады. Өз кезегінде олар бізге минералды ресурстарды, кептірілген жемістерді импорттауды, құрылыс саласында ынтымақтасуды ұсынуға дайын.

Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП директоры Шыңғысхан Маманов палатаны Үкімет құрғанын, сондықтан шетелдік кәсіпкерлерге ұсынылған барлық ақпарат сенімді және ашық, ал палатамен жұмыс істейтін кәсіпкерлер нақты, сенімді серіктес екенін айтты.

«Біз әрқашан ынтымақтастыққа мүдделіміз және кездесулер мен келіссөздер алаңын ұсынуға, сіздің қызығушылық танытар бизнес өкілдерімен кездесу ұйымдастыруға дайынбыз. Алайда, Алматыда ауыл шаруашылығы өнімі өсірілмейді. Мегаполис қаржылық, туристік, сауда және креативті индустрияларды дамыту бағытындағы үлкен хаб болып табылады. Бірақ, өтініштеріңізді ескеріп, біз сіздерге Қазақстанның басқа қалалары мен облыстарындағы осындай палаталармен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік жасаймыз. Ұлттық палата құрамындағы дәл осындай өңірлік палаталар еліміздің әр өңірінде бар», - деп атап өтті Алматы қаласы ӨКП директоры Шыңғысхан Маманов.

Айта кету керек, өткен жылы Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы $330,7 млн құрады, оның негізгі үлесі экспорт болып табылады.

Диалог барысында кездесуге қатысушылар байланыстармен алмасты және алдағы уақытта кеңейтілген іскерлік кездесу өткізуге ниетті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер