«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қазақстан мен Қытай: жаңа белестерге шығу жолында

2025 жылғы 19 Наурыз
650 просмотров

«Атамекен» ҰКП алаңында Басқарма төрағасының орынбасары Гүлнәр Бижанованың Қытай Халық Республикасы Коммерция министрлігі жанындағы Инвестицияларды ілгерілету агенттігінің өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесу мақсаты – ҚР бизнес-мүмкіндіктерді, жобаларды және инвестициялық әлеуетті талқылау арқылы Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту.

Кездесуге Агенттік бас директорының орынбасары Ян Ихан, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Ян Чжо және Халықаралық ынтымақтастық департаментінің менеджері Чжан Шуай қатысты.

Өз сөзінде Г. Бижанова Палатаның қызметі, мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді. 

«Палата Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған экономикалық реформалар процесіне белсенді қатысады және біздің экономикамызға шетелдік инвестициялар үшін «Ашық есік» саясатын ұстанады», - деп атап өтті Г. Бижанова.

Сондай-ақ International Business Connect цифрлық платформасы туралы сөз қозғады. 

«Біз қазірдің өзінде цифрлық өнімдердің бірін – шетелдік инвесторларды тартуға және олармен өзара әрекеттесуге арналған International Business Connect цифрлық платформасын әзірледік. Бұл платформада шетелдік инвесторлардың тізілімі және Қазақстан аумағындағы инвестициялық ұсыныстар пулы қалыптастырылады», - деді ол.

Г. Бижанованың айтуынша, Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып, жаңа дәуірге қадам басуда.

Өз кезегінде Ян Ихан ірі қытайлық инвесторлар тарапынан қазақстандық нарыққа деген қызығушылықтың артып келе жатқанын мәлімдеп, бұл өз кезегінде қолайлы бизнес-ахуалды көрсететінін жеткізді. Сондай-ақ, қазақстандық делегацияны XXV China International Fair for Investment & Trade (CIFIT) ірі халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды.

Кездесу барысында қатысушылар қазақстандық және қытайлық кәсіпорындар арасындағы сауда ауқымы, ынтымақтастық жобаларын дамыту мәселелерін талқылады. Энергетика саласындағы ынтымақтастық перспективаларына ерекше назар аударылды.

Соңында Г. Бижанова қолайлы инвестициялық ортаны белсенді түрде құра отырып, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және қытайлық компаниялармен жобаларды кеңейтуге шақырды.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер