«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Отырар ауданындағы кәсіпкерлердің жобалары қаралды

2025 жылғы 11 Сәуір
- Түркістан облысы
181 просмотров

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасарлары жұмыс сапарымен Отырар ауданына барып, бірнеше кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Кездесулер барысында кәсіпкерлердің өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары талқыланды.

Аудан орталығында орналасқан «Бексұлтан» жеке кәсіпкерлігі термофасад өнімдерін өндірумен айналысады. Қазіргі таңда кәсіпкер өндірісті кеңейту мақсатында қосымша қаржыландыруды қажет етеді. Кездесу барысында бұл бағытта несие тарту мүмкіндіктері мен сүйемелдеу мәселелері қаралды.

«Лихуа» шаруа қожалығы мақта өсірумен айналысады. Жоба «СПК Түркістан» арқылы жүзеге асырылуда. Бұл кәсіпорын жергілікті ауыл шаруашылығын дамытуда маңызды рөл атқарады.

«Отырар Сүт-Ет» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі сүт өнімдерін – шұбат пен қымыз, қымыран өндірумен айналысады. Кәсіпорын сондай-ақ агротуризм бағытын дамытуды көздеп отыр. Кездесу барысында осы бастамалар бойынша қолдау тетіктері талқыланды.

«Махмуд» жеке кәсіпкерлігі тамақтану орны мен тойхана құрылысын бастап отыр. Кәсіпкерге жобаны жүзеге асыру үшін несие рәсімдеу бойынша сүйемелдеу қажет. Палата өкілдері қаржыландыру алуға қатысты қажетті ақпарат беріп, көмек көрсетуге дайын екендерін білдірді.

Жалпы сапардың негізгі мақсаты – кәсіпкерлердің ұсыныс-тілектерін тыңдау, өзекті мәселелерді зерделеу және алдағы уақытта көрсетілетін қолдау шараларын нақтылау болып табылады. Облыстық кәсіпкерлер палатасы өңір кәсіпкерлігін дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастыра береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер