«Атамекен» палатасы «Іскерлік байланыстар» және «Partnering in Business with Germany» бағдарламаларына қатысуға өтінімдерді күтуде
Павлодар облысының Кәсіпкерлер Палатасы 2025 жылға арналған «Іскерлік байланыстар» және «Partnering in Business with Germany» бағдарламаларына қатысу үшін «Жалпы экономикалық кооперация» ағылшын тілді тобына өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда.
Қатысу үшін экономиканың түрлі салаларында жұмыс істейтін, ағылшын тілін B1 (Intermediate) деңгейінен төмен емес білетін бизнес өкілдерінің өтінімдері қаралады. Құжаттарды қабылдау 30 мамырға дейін жалғасады. Өтінімдерді Павлодар өңірлік Кәсіпкерлер Палатасы қабылдайды.
«Бағдарлама Қазақстанның шағын және орта бизнес субъектілерінің басшыларына Германия нарығымен танысуға, іскерлік байланыстар орнатуға және неміс компанияларымен ұзақ мерзімді әріптестік орнатуға мүмкіндік береді», - дейді Павлодар облысының «Атамекен» палатасының директоры Ерқанат Әбенов.
Бағдарламаға орташа жылдық табысы кемінде 10 000 айлық есептік көрсеткішті құрайтын, компанияда шешім қабылдауға құқығы бар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жоғары буын басшылары қатыса алады, оны құжатпен растау қажет болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: