«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Жұмысшы мамандықтардың маңызын арттыру жолындағы қадамдар

2025 жылғы 24 Сәуір
- Түркістан облысы
154 просмотров

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы қыркүйектегі Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл бастама еліміздегі кәсіптік-техникалық білім мен жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, жастарды сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеуге бағытталған маңызды шешім болды.

Осыған орай, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы мектеп оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жандандырып, бизнес пен кәсіби білім беру арасындағы байланысты нығайтуда. Атап айтқанда, бүгін «Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназия» оқушылары «DILZA ATELIER school» тігін ательесіне барып, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандық иелерімен танысты. Іс-шара барысында оқушылар тігіншілік өнерімен, оның қыр-сырымен және бұл кәсіптің болашағымен танысты.

Палата жұмыссыздық деңгейін төмендету, әсіресе өңірлерде жаңа жұмыс орындарын құру қажеттілігіне ерекше мән береді. Білікті жұмысшы мамандарға деген сұраныс артқан тұста, мұндай бастамалар әлеуметтік әділеттілікті нығайтып, жастардың нақты өмірге қажетті дағдыларды меңгеруіне жол ашады.

Сонымен қатар, білім беру бағдарламаларын жаңғырту – басты назарда. Бұл түлектердің заман талабына сай жоғары біліктілікке ие болуына, әрі еңбек нарығына дайын болып шығуына мүмкіндік береді. Өңірлік палата осы бағытта жүйелі түрде жұмыс атқарып келеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер