«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

«Атамекен» ҰКП-да Гуандун–Гонконг–Макао Үлкен шығанағы кәсіпкерлер одағы делегациясымен кездесу өтті

2025 жылғы 16 Маусым
541 просмотров

Бүгін Астанада «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның Халықаралық сауда палатасы және Қытай Халық Республикасының Гуандун – Гонконг – Макао Үлкен шығанағы аймағы кәсіпкерлер одағы делегациясы арасында ресми кездесу өтті.

Қазақстан тарапынан кездесуге «Атамекен» ҚР ҰКП Президиумының Төрағасы Райымбек Баталов, ҚР ҰКП Президиумының төрағасы хатшылығының жетекшісі, Қазақстанның Халықаралық сауда палатасының Басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақов, ҚР ҰКП Басқарма мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары Ербол Есенеев, салалық департамент директорлары қатысты.

Қытай тарапынан кездесуге Қытайдың Шетелдегі кәсіпорындарды дамыту қауымдастығының (CODA) төрағасы Хэ Чжэньвэй, Қытайдың Шетелдік өнеркәсіпті дамыту қауымдастығы төрағасының орынбасары Андрей Ву (Zemao Wu), Гуандун – Гонконг – Макао Үлкен шығанағы аймағы кәсіпкерлер альянсының бас хатшысы, Цяньхай – Гонконг Шэньчжэнь сауда палатасының атқарушы вице-президенті және бас хатшысы Ван Шоуюнь, сондай-ақ басқа да өкілдер қатысты.

представители.

Кездесу барысында «Атамекен» ҚР ҰКП Президиумының Төрағасы Райымбек Баталов:

«Қазақстан мен Қытай арасында тарихи тату көршілікке, жоғары деңгейдегі саяси диалогқа және қарқынды дамып келе жатқан сауда-экономикалық ынтымақтастыққа негізделген берік стратегиялық әріптестік орнаған. 2024 жылы ресми статистикаға сәйкес, елдеріміз арасындағы тауар айналымы 43,8 миллиард АҚШ долларынан асып, екіжақты қарым-қатынастар тарихындағы рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл сан өзара сауданың ауқымын ғана емес, сондай-ақ елдеріміз арасындағы экономикалық өзара тәуелділік пен сенімнің тереңдігін де айқын көрсетеді», – деп атап өтті.

Кездесу барысында Гуандун – Гонконг – Макао Үлкен шығанағы кәсіпкерлер одағы делегациясы өз өңіріндегі кәсіпорындардың өзекті қажеттіліктерін таныстырды. Атап айтқанда, кездесуге смарт-дисплейлер мен теледидарлар өндірушісі – Shenzhen Kangguan Technology Co компаниясы қатысты. Компания өкілдері қазақстандық жетекші ритейлерлермен жеткізу шарттарын және ықтимал әріптестік форматтарын талқылау үшін келіссөздер жүргізуге қызығушылық білдірді. Сондай-ақ компания Қазақстанда теледидарларды жинақтау өндірісін жолға қою үшін серіктес іздеуде – бұл жергілікті технологиялар мен өндірістік қуаттарды пайдалану немесе аутсорсинг шарттарында жүзеге асырылуы мүмкін.

Сонымен қатар, электрлік велосипедтер мен смарт көлік құралдарын шығаратын Shenzhen DYU Intelligence Co компаниясы екі және үш дөңгелекті электр көліктері мен E-bike өндіретін зауыт салуға инвестиция тартуға мүдделілік танытты. Компания сондай-ақ қалалық мобильділік шеңберінде E-велосипедтерді шэринг жобаларын енгізу үшін серіктестер іздеуде.

Кездесуде екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды. Атап айтқанда, қытайлық брендтердің Қазақстан нарығына енуі – өндірісті жергіліктендіру, франчайзинг және келісімшарттық жинақтау арқылы; құрылыс материалдары мен коммерциялық жылжымайтын мүлікті ілгерілету; бөлшек сауда желісін кеңейту мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, мүдделі тараптар арасында мақсатты B2B-келіссөздер өткізуге ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті нығайтуға, диалогты жалғастыруға және экономиканың негізгі салаларындағы бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара қызығушылық білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер