«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

RAFE COM жер дауы: нысаналы мақсатты өзгерту мәселесі кәсіпкердің жобасын тоқтатты

2025 жылғы 20 Маусым
- Түркістан облысы
203 просмотров

Түркістан облысында өндірістің дамуына кедергі – электрмен қамту мәселесі өзекті күйінде қалып отыр

Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының бірлесуімен «Бизнесті қорғау» жобасы аясында кәсіпкерлік субъектілерінің өзекті мәселелерін талқылауға арналған арнайы мәжіліс өтті.

Іс-шараға облыстық мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелердің өкілдері, бизнес субъектілері мен сарапшылар қатысты. Жиында кәсіпкерлердің нақты проблемалары ашық талқыланып, шешу жолдары ұсынылды.

Күн тәртібіндегі маңызды тармақтардың бірі жер мәселесіне қатысты бірнеше түйткіл қаралды. Атап айтқанда, «RAFE COM» шаруа қожалығының жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту барысында кездескен әкімшілік кедергілер және «SEM-BRAND» ЖШС-нің арнайы экономикалық аймақтағы жерін рәсімдеуге байланысты туындаған мәселелер назарға алынды.

Мемлекеттік сатып алудағы келіспеушілік те көтерілді

«BUR GROUP» ЖШС мен «Жетісай аудандық орталық ауруханасы» арасындағы мемлекеттік сатып алу шарты бойынша туындаған дау талқыланды. Кәсіпкер тарапынан шарт талаптарының орындалмауына қатысты шағым білдірілді.

Қауіпсіздік мәселелері де тыс қалған жоқ

ҰҚК, Төтенше жағдайлар және Полиция департаменттерінің өкілдері мекемелерде терроризм қаупі немесе төтенше жағдайлар туындаған сәттегі қауіпсіздік талаптары жөнінде түсіндірме берді.

Мәжіліс соңында барлық ұсыныстар хаттамалық шешімге енгізіліп, жауапты органдарға нақты тапсырмалар жүктелді. Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы мен Экономикалық тергеп-тексеру департаменті бизнес өкілдерімен тығыз жұмыс істеуді әрі қарай жалғастыратынын атап өтті.

Мұндай ашық форматтағы кездесулер өңірдегі кәсіпкерлікті қолдауға және бизнестің құқықтық, инфрақұрылымдық мәселелерін шешуге оң серпін береді.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер