«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Прокурормен кедергісіз диалог: инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ашылды

2025 жылғы 26 Маусым
771 просмотров

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті бірлесіп инвесторларға арналған «Ашық есік күнін» өткізді. Іс-шараның мақсаты – бизнесті қорғау тетіктерін күшейту және инвестициялық қызмет үшін қолайлы орта қалыптастыру.

Кездесу аясында инвесторларға құқықтық қолдаудың бірқатар тетіктері ұсынылды. Атап айтқанда, инвестициялық жобаларды прокурорлардың өтініш беруден бастап толық іске қосуға дейінгі кезеңде сүйемелдеуі, прокуратура органдары жанындағы фронт-офистердің «бір терезе» қағидаты бойынша жұмысы, «прокурорлық сүзгі» алдын ала ден қою тетігі, инвесторлар үшін «жасыл дәліз» жобасы, сондай-ақ, Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа таныстырылды. Бұл – инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы тиімді өзара іс-қимылдың бірыңғай құралы.

Іс-шараға «Атамекен» ҰКП Басқарушы директоры – Кәсіпкерлер құқығын қорғау департаментінің директоры Серік Әділов, Инвестициялар комитеті, «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы, жергілікті атқарушы органдар, Бас прокуратураның бейінді басқармаларының өкілдері және еліміздің әр өңірінен 500-ден астам инвестор қатысты.

«Бүгінде инвестор алдын ала жазылусыз-ақ прокурорға тікелей жүгіне алады және шұғыл ден қою шаралары қолданылады. Бизнестің құқықтарын қорғау – біздің сөзсіз басымдығымыз», – деп атап өтті ҚР Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі бастығының орынбасары Мәди Айхимбеков.

Инвесторларға прокуратура органдарындағы бизнес пен инвесторларды қорғау бойынша Call-орталықтардың жұмысы туралы баяндалды. Кәсіпкерлер бұл орталықтарға тәулік бойы жүгіне алады https://atameken.kz/ru/pages/952-pamyatka-dlya-predprinimatelya

Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейтуге қатысты жаңа бастамалар жария етілді. Прокурорлар мұндай фактілерді ӘҚБтК-нің 173-бабы аясында қарайды.

Өңірлік прокуратуралардың алдында инвесторлар көтерген мәселелерді жеке бақылауға алып, «Атамекен» ҰКП және инвесторлармен тиімді әріптестікті қамтамасыз ету тапсырылды. Бұл Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы аясында жүзеге асады.

«Инвесторлар оң нәтижені сезінуі үшін алдағы жұмысты жеделдету қажет», – деп түйіндеді Бас прокуратура өкілі.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер