«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қарағанды облысының туристік бизнесіне қауіпсіздік, экология және су пайдалануға қатысты нормалар түсіндірілді

2025 жылғы 04 Тамыз
- Қарағанды облысы
259 просмотров

Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында өңірдің туристік секторы өкілдеріне арналған ақпараттық-түсіндіру семинары өтті. Іс-шараға 100-ден астам кәсіпкер, әкімдіктердің, уәкілетті мемлекеттік органдардың және «Атамекен» ҰКП-ның өкілдері қатысты.
 

Семинар демалыс аймақтарының иелерінің құқықтық және санитарлық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ туристік нысандарды пайдалану талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.

Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпеисовтың айтуынша, бұл бастама кешенді мониторинг қорытындылары бойынша қолға алынған іс-шаралардың жалғасы болып табылады.

«Облыс әкімінің тапсырмасымен туристік аймақтардың жайлылығы мен қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша жүйелі жұмыс басталды. Бизнестің талаптарды нақты түсініп, ортақ шешімдерге белсенді қатысуы маңызды. Негізгі мақсат – жаза емес, қолдау көрсету және әдістемелік көмек», – деді Қарағанды облысының туризм басқармасының басшысы Ирина Любарская.

Семинар барысында қатысушыларға санитарлық, өртке қарсы және экологиялық қауіпсіздік мәселелері, су пайдалану ережелері және демалыс аймақтарының инфрақұрылымына қойылатын талаптар түсіндірілді.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің коммуналдық объектілерді бақылау бөлімінің басшысы Айнагүл Әнітованың айтуынша, барлық жағажайлар мен демалыс аймақтары эпидемиологиялық маңызы жоғары объектілер қатарына жатады және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (ҚР ДСМ №ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына сәйкес) міндетті түрде болуы тиіс. СЭҚ-сыз нысандар профилактикалық бақылау аясында тексеруге жоспарланады.

Өз кезегінде ТЖ департаментінің өкілдері демалыс аймақтарының иелері өрт қауіпсіздігі талаптарын орындауға жеке жауапты екенін еске салды. Бұл талаптар ҚР ТЖМ №55 бұйрығында (21.02.2022 ж.) бекітілген. Міндетті элементтер қатарына бастапқы өрт сөндіру құралдары, автоматты дабыл жүйесі, эвакуация жоспары және қызметкерлерді даярлау кіреді.

«Біздің бөлімшелер кеңес беру көмегін көрсетуге дайын. Ең бастысы – бизнестің ашықтығы мен алдын алу бағытында жұмыс істеуге дайын болуы», – деп атап өтті Қарағанды қаласы ТЖ басқармасының бастығы Бауыржан Хабдулин.

Табиғатты қорғау және су ресурстары саласындағы өкілдер арнайы су пайдалану рұқсаттарын алу, қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) жүргізу, сондай-ақ қалдықтарды шығару нормаларын сақтау қажеттігін еске салды.

ҚР Су кодексінің 17-бабына сәйкес, азаматтардың жалпы су пайдалануға құқығы бар. Осыған байланысты қатысушыларға су айдындарына қолжетімділікті қамтамасыз ететін сервитут рәсімдеу тәртібі түсіндірілді.

Кәсіпкерлер санитария, қауіпсіздік және қолжетімділік мәселелерін реттеу тетіктерінің ашық болу қажеттігін атап өтті. Туризмді дамытуға қызығушылық жоғары және қолдау мен нақты жағдай болған жағдайда талаптарды орындауға дайын екендіктерін білдірді.

«Біз жүйелі тәсілді қолдаймыз. Инфрақұрылымсыз стандарттарды орындауды талап ету орынсыз. «Атамекен» ҰКП бизнес қажеттіліктерін ескеретін туризмді дамыту жөніндегі жол картасын бекітуді ұсынып отыр», – деді ҚР ҰКП туризм департаменті директорының орынбасары Елена Михнова.

Семинар барысында кәсіпкерлер туристік нысандардың жұмыс істеуінің барлық негізгі аспектілері бойынша практикалық түсіндірмелер алды. Уәкілетті органдар бизнеске нормативтік талаптар бойынша кеңес беруге және бірлескен шешімдер қабылдауға дайын екендігін растады.

Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы өңірде қауіпсіз және тұрақты туризмді қалыптастыру мақсатында бизнес пен мемлекет арасындағы конструктивті диалогты жалғастыра бермек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер