«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Өскеменде «Бір ауыл - бір өнім» жобасының жеңімпаздары анықталды

2025 жылғы 09 Қыркүйек
- Шығыс Қазақстан облысы
251 просмотров

ШҚО кәсіпкерлер палатасында «Бір ауыл - бір өнім» жобасының соңғы кезеңі өтті.

Жәрмеңке қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған он қатысушы бренд-комитетке өз жобаларын таныстырды.

Қатысушылар қазылар алқасына өз бизнес-идеяларын ұсынып, өндірістің қыр-сырын баяндап, шеберліктің құпияларымен бөлісті. Бағалау 10 балдық жүйе бойынша жүргізіліп, жеңімпаздар анықталды.

Жеңімпаздар:

Есхожин Нұржан Бекмұханбетұлы - былғары мен сүйектен бұйымдар жасау;

Раздыкова Александра Евгеньевна - косметикалық құралдар өндірісі: гидролаттар;

Красулина Марина Вадимовна - иммунитетке арналған шөп шайларын, гидролаттар мен шамдар өндіру.

ШҚО кәсіпкерлер палатасында атап өткендей, жобаның жеңімпаздарына маркетингтік қолдау көрсетіліп, бизнесті дамытуға жәрдем беріледі. Атап айтқанда, тауарлық белгілер мен логотиптерді әзірлеуге, сауда желілерімен және халықаралық онлайн-алаңдар өкілдерімен келіссөздер жүргізуге қолдау көрсетілмек.

«Біздің мақсатымыз - тек талантты кәсіпкерлерді анықтау ғана емес, оларға келесі қадам жасауға көмектесу – өнімдерін жаңа нарыққа шығарып, танымалдығын арттыру. Біз жеңімпаздардың өндірісін кеңейтіп, тек өңірде ғана емес, оның шегінен тыс жерлерде де табысты бәсекеге қабілетті болатынына сенімдіміз», - деді ШҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев.

Сонымен қатар, финалистер 5 миллион теңгеге дейінгі гранттық қаржыландыруға үміткер бола алады.

Кәсіпкерлердің өздері де жобаның дамуға серпін бергенін атап өтті.

«Мен үшін бұл жеңіс - үлкен мүмкіндік. Кәсіпкерлер палатасының қолдауы жаңа өткізу арналарына шығуға және ірі сауда желілеріне жол ашуға көмектеседі. Бұл - өндірісті кеңейтіп, өнімімізді кең аудиторияға көрсетуге берілген мүмкіндік», - деді байқау жеңімпазы Марина Красулина.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174