«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

«Атамекенге» 12 жыл: Қарағанды бизнесі Палатаның ел дамуындағы рөлі туралы

2025 жылғы 09 Қыркүйек
- Қарағанды облысы
375 просмотров

9 қыркүйекте Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекеннің» құрылғанына 12 жыл толуын атап өтеді. Бүгінде елде 2 миллионнан астам шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген, оның 100 мыңнан астамы Қарағанды облысында жұмыс істейді. Палата кәсіпкерлерге кеңес беруден бастап оқытуға, несиелеуге, тауарларды ілгерілетуге және бизнестің мүддесін Үкімет деңгейінде қорғауға дейінгі қолдаудың орталығына айналды.

Владимир Алескеров, Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы:

- 12 жыл – бұл қазақстандық бизнестің үні мен тірегіне айналған ұйым үшін маңызды белес. «Атамекен»– бүгінде жай ғана диалог алаңы емес, кәсіпкерлерге сенімділік беріп, жоспар құруға, батыл жобаларды іскеасыруға мүмкіндік беретін нақты күш. Өңірлік кеңестің төрағасы әрі Қарағанды бизнес қауымдастығы атынан әріптестерге және Палатадағы серіктестерге алғысымды білдіремін. Бізге жаңа жеңістер, сергектік пен сенімді болашақ тілеймін. Кәсіпкерлер одағы еліміздің дамуына шабыт беріп, біріктіріп, оң өзгерістер енгізе берсін!

Төлеген Ашимов, «АСПАП» ПК төрағасы, Құрылыс және құрылыс индустриясы кеңесінің төрағасы:

– Біз құрылыс кеңесін құра бастағанда салада көптеген түсініксіз жайттар әрі бытыраңқылық көпболды. Бүгінде құрылысшыларда Палата түрінде ортақ дауысы бар сенімді серіктес бар. «Атамекен» негізгі жобаларды қорғауға, кедергілерді азайтуға және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл сапасын арттыруға көмектесті. Барлық әріптестерімді осы күнмен құттықтаймын және салаға тұрақты тапсырыстар, жаңа технологиялар мен кәсіби кадрлар тілеймін.

Алма Абаева, кәсіпкер, Қарағанды облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы:

– Әйелдер кәсіпкерлігі үшін «Атамекеннің» рөлі ерекше. Мұнда біз білімге, қолдауға, тәлімгерлікке және идеяларды іске асыруға мүмкіндік беретін құралдарға қол жеткіземіз. Палата әйелдерге сенім сыйлап, кәсібін дамытып, арманын іске асыруға жол ашады. Бұл жерде біз тек іскерлік шешімдер ғана емес, өз-өзіне сенуге көмектесетін және біріктіретін мықты қауымдастық табамыз. Қарағанды облысы Іскер әйелдер кеңесі атынан Палатаға әйелдер кәсіпкерлігіне үнемі назар аударғаны және ілгерілеуге жағдай жасайтын ынтымақтастық атмосферасы үшін алғыс білдіремін.

Игорь Жабяк, Қазақстан фермерлер одағы РҚБ Қарағанды филиалының төрағасы, Агроөнеркәсіп кешені кеңесінің төрағасы:

– Ауыл шаруашылығы өндірушілері проблемаларымен жиі жеке қалып қояды: баға белгілеу, логистика, қаржыға қол жеткізу. Кәсіпкерлер палатасы фермерлердің сөзін естіретін алаңға айналды. Біз ұсыныстарымызды Үкіметке жеткізіп, мемлекеттік қолдау тәсілдерінің кейбірін өзгерте алдық. «Атамекен» аграршылары үшін – қорған мен сенім нышаны. Бұл миссия одан әрі күшейе берсін.

Андрей Шмарин, «ЕСКО» ЖШС директоры, Жеңіл өнеркәсіп кеңесінің төрағасы:

– Өңірлік палатаның әлеуеті бізге бірігуге, салалық мәселелерді талқылап, шешуге арналған алаң құруға мүмкіндік берді. Бұл алаң отандық өндірісті қолдау шараларын бастауға және өнеркәсіптік өсуге жағдай жасауға бағытталған шешімдер ұсынуға жол ашты. Бірге болғанда ғана билік бізді жиірек естиді және сала дамуына серпін береді.

12 жыл ішінде Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы өңір бизнесінің негізгі қорғаушысы ретінде өзін танытты. Кәсіпкерлердің жүздеген өтініші оң шешімін тапты, миллиардтаған теңгенің мүлкі сақталып, салалық кеңестер мен қызмет көрсету орталықтарының желісі қалыптасты. «Бастау» сияқты жобалар мен оқыту бағдарламалары облыс тұрғындарының мыңдағанына жеке кәсіп ашуға мүмкіндік берді. Цифрлық сервистерді дамыту, жергілікті өндірушілерді қолдау, индустриялық аймақтар құру және Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау кеңесінің тиімді жұмысы «Атамекенді» өңір бизнесі үшін нақты күшке және оның өсу драйверіне айналдырды. «Бір ауыл – бір өнім» жобасы, «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы, сыртқы сауда миссиялары, көрмелер және басқа да көптеген бастамалар іске асты.

Он екі жыл бұрын диалог алаңы ретінде құрылған «Атамекен» осы уақыт ішінде көп жетістікке жетті, бірақ алда атқаратын жұмыс та мол. Бізге одан да көп креативті жобалар, оң нәтижелер және бизнеске жан-жақты қолдау қажет. Бұл бағытта Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы алға нық қадам басып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174