«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қызылордада «Бір ауыл – бір өнім» жобасының жеңімпаздары анықталды

2025 жылғы 11 Қыркүйек
- Қызылорда облысы
305 просмотров

Бүгін Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында өңірлік бизнес өкілдері үшін маңызды шара өтті.

Палата директоры Пірмұхаммед Сыздық «Бір ауыл – бір өнім» жобасының жеңімпаздарын ресми түрде марапаттап, арнайы сертификаттарды табыстады.

Айта кетейік, 2 шілде күні ұйымдастырылған көрмеде 50-ге жуық тауарөндіруші өз өнімдерін ұсынған еді. Сараптамалық топ олардың арасынан 10 жартылай финалисті іріктеп, бренд-комитеттің қарауына жолдады.

27 тамызда өткен бренд-комитет отырысында жартылай финалға өткен кәсіпкерлер өз өнімдерін таныстырып қана қоймай, даму стратегияларымен және экспорттық жоспарларымен бөлісті.

Отырысқа облыстық атқарушы орган өкілдері, кәсіпкерлер кеңестері, қаржы институттары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Бренд-комитеттің шешімі бойынша үздік үш кәсіпкер жеңімпаз атанды:

1.      «Barly Bai & K» АӨК – Мұсаев Қанат Барлыбайұлы, томат пастасы және қауын-қарбыз тосаптары (Шиелі ауданы);

2.      «Dihan ata» ЖШС – Қуанышбай Ержан Имамзадаұлы, күріш және күріш ұнынан жасалған тәттілер (Жалағаш ауданы);

3.      «Ризық-MN» ЖШС – Таджибай Алия Жанабилқызы, аспаздық май (Қызылорда қаласы).

Палата директоры Пірмұхаммед Сыздық:
«Бұл бастама ауыл кәсіпкерлерінің жаңа деңгейге шығуына жол ашады. Жергілікті өнімдердің сапасы мен табиғилығы – біздің басты артықшылығымыз. Енді сол өнімдерді республика деңгейіне ғана емес, шетелдік нарықтарға да жеткізуге күш саламыз» деді.

Жеңімпаздарға алдағы уақытта өндірісті кеңейту, брендті дамыту және экспорттық нарықтарға шығу бағытында Кәсіпкерлер палатасы тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174