«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

«Атамекен» ҰКП Достық – Мойынты екінші теміржол желісінің Қазақстан экономикасы мен бизнес үшін маңызы туралы

2025 жылғы 03 Қазан
252 просмотров

Достық – Мойынты учаскесіндегі екінші теміржол желісінің салынуы мен пайдалануға берілуі елдің көлік-логистикалық жүйесінің құрылымы мен әлеуетін айтарлықтай өзгертеді, деп атап өтті ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері.

Естеріңізге сала кетейік, Достық – Мойынты темір жолының екінші желісінің құрылысын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сейсенбіде New Silk Way VII Халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумында бастаған болатын.

Ұзындығы 836 шақырым болатын бұл желі Қазақстанды ҚХР-мен байланыстырады және «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясындағы транс еуразиялық көлік дәлізінің негізгі бөлігі болып саналады. Құрылыс 2022 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен басталып, рекордтық мерзімде 2025 жылға қарай аяқталды.

Жоба рекордтық мерзімде (2022-2025 жж.), Ұлттық қордан 543 млрд теңге көлемінде қаржыландыру тартыла отырып іске асырылды. Бұл мемлекет үшін осы бағыттың басым маңыздылығын көрсетеді. Мердігер «Integra Construction KZ» ЖШС отандық кәсіпорын. Бұл жұмыспен қамтудың жоғары дәрежесін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді – 2 мыңнан астам адам және 1 100-ден астам техника.

Жобаны іске асыру нәтижесінде:

  • Бағыттың өткізу қабілеті 5 есеге – тәулігіне 12-ден 60 жұп пойызға дейін ұлғайтылды;
  • Контейнерлік пойыздардың жылдамдығы тәулігіне 834-тен 1500 км-ге дейін артады, бұл жүктерді жеткізу мерзімін айтарлықтай төмендетеді;
  • 86 көпір және 261 су өткізу құрылысы салынды және жаңғыртылды, 765 км рельс-шпалдық тор төселді;
  • Тәуелсіздік жылдарында салынған ең ірі темір жол магистралі, бұл елдің инфрақұрылымдық секторының технологиялық және басқарушылық жетілуін көрсетеді.

«Атамекен» ҰКП логистика және тасымалдау Департаменті директорының орынбасары Қуаныш Ермұханов атап өткендей, жобаны ауқымды іске асыру Қазақстанның бизнес және логистикалық операторлары үшін айқын артықшылықтарды қамтамасыз етеді. Негізгі артықшылықтарға өткізу қабілеттілігін 5 есе арттыру және инфрақұрылымды жалпы жақсарту арқылы логистикалық шығындардың айтарлықтай төмендеуі жатады. Сонымен бірге, әсіресе ҚХР мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне экспорттық бағыттар бойынша тасымалдардың сенімділігі мен болжамдылығы артып келеді.

«Жоба транзит пен контейнер ағындарының көлемінің ұлғаюына кепілдік береді, яғни Қазақстанға геоэкономикалық шиеленістің өсуін және жаһандық логистикалық тізбектердің әртараптандырылуын тиімді пайдалануға, өзінің өңірлік көлік хабы мәртебесін нығайтуға мүмкіндік зор», - деп атап өтті Ермұханов.

«Достық-Мойынты» жобасын іске асыру логистика, сауда, қайта өңдеу және ілеспе сервистерді ұсыну салаларында ШОБ үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.

Достық-Мойынты учаскесінде екінші желінің енгізілуімен Қазақстан Еуразияның негізгі транзиттік хабының, сондай-ақ, халықаралық көлік дәліздерінің тұрақтылығын қамтамасыз етудегі Қытайдың маңызды серіктесінің мәртебесін нығайтады.

Мемлекет Басшысы «New Silk Way» форумы аясындағы мәлімдемесі Қазақстанның жаһандық жеткізу тізбегіне кіру және елдің транзиттік әлеуетін іске асыру құралы ретіндегі осы жобаның маңыздылығын растайды.

Жобаның ауқымы мен маңыздылығын ескере отырып, «Атамекен» ҰКП бірнеше мәселелерді маңызды деп санайды.

  • Пайдаланудың барынша тиімділігін қамтамасыз ету үшін магистральдағы процестерді цифрландыру және автоматтандыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру;
  • Экспортты ынталандыру мақсатында отандық жүк жөнелтушілер үшін тарифтік жүктемені төмендету мүмкіндігін қарау;
  • Инфрақұрылымға қол жеткізу және жаңа дәліз бойындағы қойма және мультимодальды терминалдарды дамыту бөлігінде отандық логистикалық операторларды қолдау шараларын күшейту;
  • Қазақстандық компаниялардың қатысу үлесі жоғары инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды жалғастыру, бұл елде қосылған құнды құруға және саладағы құзыреттердің өсуіне ықпал ететін болады.

«Достық-Мойынты учаскесінде екінші жолдарды салу жобасы – бұл жай ғана көлік жобасы емес, Қазақстанның халықаралық логистикадағы ұстанымын нығайтатын, бизнестің дамуын ынталандыратын және индустрияландыру мен экономикалық интеграция жөніндегі міндеттерді іске асыруға ықпал ететін инфрақұрылымдық серпіліс», - деп қорытындылады ҰКП өкілі.

«Атамекен» ҚР ҰКП осындай жобаларды іске асыруды қолдайды және логистика, транзит және экспорт тиімділігін арттыру мәселелері бойынша мемлекетпен және бизнеспен диалог шеңберінде жұмысты жалғастыруға дайын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174