«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Бизнес пен билік диалогы: Қарағандыда кәсіпкерлер форумы өтті

2025 жылғы 03 Қазан
- Қарағанды облысы
148 просмотров

«AMANAT» партиясының облыстық филиалы алаңында «Шағын және орта бизнесті дамыту: сын-қатерлер, мүмкіндіктер, қолдау» тақырыбында Кәсіпкерлер форумы өтті.

Форум билік пен бизнес арасындағы ашық диалог алаңына айналды. Кездесу модераторы «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Бекзат Алтынбеков болды. Жиында шағын және орта бизнесті дамыту, мемлекеттік және мемлекеттік емес қолдау шараларын жетілдіру, әкімшілік кедергілерді азайту, сондай-ақ білікті кадрларды даярлау мәселелері талқыланды.

Бағдарламаға шеберлік сабақтары, «сұрақ-жауап» сессиясы және пленарлық отырыс енді.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов шағын және орта бизнестің өңір экономикасының негізі екенін атап өтті. Ол қолайлы бизнес-орта қалыптастыру, инфрақұрылымды дамыту және кәсіпкерлерге нақты құралдар ұсыну бағытында жүйелі жұмыстың маңыздылығына тоқталды.

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов Палата қызметінің нәтижелері мен қолдау шаралары туралы баяндады.

«Өңірде кәсіпкерлердің бірқатар өзекті мәселесішешілді. Оларды қолдау мен құқығын қорғау жұмыстары күн сайын жүргізілуде. Бизнес субъектілерінің құқығы мен заңды мүддесін қорғау – Палата жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Біз мемлекеттік органдармен, партиямен және кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс істейміз», – деді Ернар Дауылұлы.

Форум модераторы, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Бекзат Алтынбеков өз сөзінде партия кәсіпкерлікті дамытуды стратегиялық басымдық ретінде қарастыратынын атап өтті. Оның айтуынша, ШОБ – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды қозғаушы күші, жаңа жұмыс орындарын ашатын тірек сала.

«Сұрақ-жауап» сессиясы барысында кәсіпкерлер билік пен партия өкілдеріне тікелей жүгініп, салықтар, қолдау шаралары мен мемлекеттік бағдарламаларға қатысу шарттары бойынша сұрақтар қойды.

Іскерлік бағдарламаның жалғасы ретінде жергілікті тауарлар мен қызметтердің көрмесі өтті. Өңір кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынып, әлеуетін таныстырды.

Форум бизнес пен билік арасындағы ашық диалогтың маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады. Кездесу қорытындысы бойынша кәсіпкерлік мәселелері жөнінде ұсыныстарды қарастыратын және шешімдер қабылдайтын «AMANAT» партиясы жанынан Бірыңғай үйлестіру кеңесінің құрылатыны жөнінде жарияланды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174