«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Leasing Day 2025: Қарағандыда бизнесті дамытуға арналған тиімді қаржы тетіктері талқыланды

2025 жылғы 16 Қазан
- Қарағанды облысы
323 просмотров

Қарағандыда Leasing Day 2025 форумы өтті. Іс-шараны BCC Leasing компаниясы Қарағанды облысы әкімдігі мен Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ұйымдастырды. Форумға 200-ден астам қатысушы – кәсіпкерлер, мемлекеттік органдардың өкілдері, қаржы институттары және техника жеткізушілер келді.

Форум бизнес пен қаржы ұйымдары арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты арттыру алаңына айналды. Қатысушылар лизингтің экономиканың түрлі салаларындағы кәсіпорындарды дамыту мен кеңейтуге тигізетін оң әсерін талқылады. Панельдік сессиялар барысында салықтық жеңілдіктер, субсидиялау, сақтандыру және мәмілелердің құқықтық сүйемелденуі мәселелері қаралды.

Лизингтің артықшылықтары да жан-жақты айтылды: кепілдің болмауы, қосарланған амортизация мүмкіндігі, ҚҚС бойынша үнем және айналым қаражатын сақтау. Нақты мысалдар бұл құралдың кәсіпкерлерге бастапқыүлкен шығынсыз техника мен жабдықты жаңартуға мүмкіндік беретінін көрсетті.

Күні бойы жұмыс істеген кеңес беру аймағында қатысушылар лизинг рәсімдеу, салық салу және мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысу шарттары бойынша жеке кеңес алды. Сонымен қатар серіктес компаниялар өздерінің жаңа техника үлгілері мен нарықтағы тиімді ұсыныстарын таныстырды.

Қарағанды облысы үшін лизинг тетігі айрықша өзекті, себебі өңірдің өнеркәсіптік әлеуеті жоғары. Бұл құрал тау-кен өндірісі, көлік, ауыл шаруашылығы, өндіріс пен энергетика салаларында кеңінен қолданылады. Форум өткізу кәсіпкерлердің қаржылық мүмкіндіктерін кеңейтіп, өңірдің іскерлік ахуалын жақсартуға ықпал етті.

BCC Leasing деректеріне сәйкес, компания Қазақстан нарығында несие портфелі мен «Даму» қоры арқылы субсидиялау көлемі бойынша көш бастап тұр. 2024 жылы берілген субсидиялардың жалпы сомасы 20 млрд теңгеден асып, лизингке берілген техника саны 3000-нан асты. Компания еліміздің 20-дан астам қаласында жұмыс істейді және 100-ден астам жеткізушімен әріптестік орнатқан.

Leasing Day 2025 форумы мемлекет, қаржы институттары және бизнес арасындағы серіктестіктің кәсіпкерлікті дамыту мен өңірлік экономиканы нығайтудың тиімді құралына айналып келе жатқанын көрсетті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174