Көлік-логистика саласында кадр тапшылығы өткір сезілуде
Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында «Көлік және логистика» салалық кеңесінің отырысы өтті. Жиын барысында қатысушылар көлік саласындағы кадр даярлау мәселелерін және кадр тапшылығын жою шараларын талқылады.
«Қазақстандық жүк теміржол тасымалдаушылары қауымдастығы «өзін-өзі реттейтін ұйым» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры Рамия Сараева бүгінде көліктің барлық түрінде маман жетіспеушілігі айтарлықтай сезіліп отырғанын атап өтті - әр бағыт бойынша алты мыңға дейін жұмысшы қажет. Оның айтуынша, жастардың техникалық және жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын мектеп кезеңінен бастап қалыптастыру қажет, бұл көлік саласында сұранысқа ие мамандықтардың беделін арттыруға мүмкіндік береді.
(1).jpeg)
Астана қаласы әкімдігінің «Көлік және коммуникация жоғары колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Айгерім Ерденованың айтуынша, колледж он бес бағыт бойынша мамандар дайындайды, оның алтауы теміржол саласына қатысты. Алайда тәжірибеден өту барысында студенттер бірқатар қиындықтарға тап болады: көптеген компаниялар болашақ логистерді қабылдауға асықпайды, бұл олардың кәсіби даярлық деңгейіне теріс әсер етеді.
«Көлік және логистика» салалық кеңесінің төрағасы Қанат Кобесов кадр тапшылығы мәселесі жүйелі көзқарасты және бизнес пен білім беру ұйымдарының тығыз өзара іс-қимылын қажет ететінін атап өтті.
.jpeg)
Кәсіпкерлер палатасы бизнес-қоғамдастықпен бірлесе отырып, тәлімгерлік пен менторлықты дамыту, студенттерге арналған кәсіпорындарға таныстыру экскурсияларын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, Палата профильдік колледждер мен жоғары оқу орындарынан студенттердің тізімдерін сұратып, оларды өндірістік тәжірибеден өту және кейінгі жұмысқа орналасу үшін жұмыс берушілерге бағыттайтын болады.


Пікір қалдыру:
Пікірлер: