Ұлытау облысында ауыл шаруашылығы өндірушілерінің форумы өтті
Ұлытау облысында «Гүлденсе ауыл – гүлденеді еліміз» атты облыстық АӨК форумы аясында салалық кеңестің көшпелі отырысы өтті. Іс-шара барысында «АгроQazaq: Техника. Өнім. Болашақ» көрмесі ұсынылды. Форумға қатысушылар жаңа ауыл шаруашылығы техникасының жұмысымен танысты.
Форум барысында сөз сөйлегендер: ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаев, Қазақстан фермерлері республикалық қауымдастығының басқарма төрағасы Жигули Дайрабаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Алтай, облыстық мәслихаттың төрағасы Бауыржан Шыңғысұлы, сондай-ақ Ұлытау облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Алмат Саухимов.
Форумның негізгі тақырыптары фермерлердің өзекті мәселелерін талқылауды, ауылдарды қолдау шараларын, мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіруді, ауыл шаруашылығы техникасын жаңғыртуды және өндірістік процестерге цифрлық технологияларды енгізуді қамтыды. Өсімдік шаруашылығы саласындағы тәжірибелерімен «Мирас» шаруа қожалығының басшысы Төлеген Жаманов пен «Жеңіс» ЖШС директоры Нұрсұлтан Жарылғапов бөлісті.
Төлеғен Жаманов биыл Жаңаарқа ауданы әкімдігінің және Ұлытау облысы кәсіпкерлер Палатасының қолдауының арқасында өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне өсімдік шаруашылығы бойынша оқу жүргізілгенін атап өтті. Ауыл тұрғындары өз жұмысында қолдана алған көптеген пайдалы мәлімет алды.

Республикалық «Асыл түлік» мал шаруашылығын асылдандыру компаниясы инновациялық жобалар аясында мал шаруашылығы саласындағы заманауи қолдан ұрықтандыру әдістеріне арналған инновациялық бағдарламасын ұсынды. Сонымен қатар, бірқатар фермерлер мен қызметкерлер Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай төс белгімен, алғыс хатпен және сыйақылармен марапатталды.
Ауыл шаруашылығы форумы аясында облыстық "Бір ауыл – бір өнім" кезеңінің қатысушыларының өнімдері көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге жергілікті фермерлік шаруашылықтардың табиғи өнімдері, халық тұтынатын тауарлар және ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдары қойылды.
Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Гүлмира Каженова көрмеге қатысқан көптеген кәсіпкерлердің "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасына белсене қатысқанын атап өтті. Финалистер гранттар алды. Аймақтағы фермерлер мыңжылдық тарихы бар ұлттық өнімдерді жүзеге асырып, белсенді жұмыс жүргізуде.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі және қала басшысы ауылды және ауыл шаруашылығы өнімдерін қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
АӨК форумы аграрлық сектор мен облыстың фермерлік шаруашылықтарының өзекті мәселелері мен болашақ даму бағыттарын талқылауға мүмкіндік берді.
Қатысушылар ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы озық тәжірибелері мен тиімді практикаларымен бөлісті.
Сонымен қатар АПК саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары да талқыланды.


















Пікір қалдыру:
Пікірлер: