«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Ұлытау облысы кәсіпкерлер палатасында Өңірлік кеңестің отырысы өтті

2025 жылғы 08 Желтоқсан
- Ұлытау облысы
97 просмотров

Ұлытау облысы кәсіпкерлер палатасында Өңірлік кеңестің отырысы өтті. Отырысқа кеңес төрағасының орынбасары Сауле Шауенова, Палата директоры Гүлмира Каженова, бизнеске құқықтық қолдау және қорғау жөніндегі директордың орынбасары Ғалымжан Сүтбаев және кеңес мүшелері қатысты.


Күн тәртібіндегі басты мәселе – Ұлытау облысының Өңірлік кеңесі мүшелері арасынан Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының XIII съезіне делегаттарды сайлау болды. Қатысушыларға өңір бизнес-қоғамдастығының мүдделерін республикалық деңгейде таныстыратын өкілдерді айқындау міндеті тұрды.
Жиын барысында кеңес мүшелері ұсынған бірнеше кандидатура қаралып, талқыланды. Қатысушылар үміткерлердің кәсіби тәжірибесі, біліктілігі және өңір кәсіпкерлігін дамытуға қосқан үлесі жөнінде пікір алмасты. 
Талқылау нәтижесінде алдағы XIII съезде Ұлытау облысыныңл атынан қатысатын ұсынылған кандидаттардың тізімі қалыптастырылды.
Отырыс конструктивті әрі іскерлік ахуалда өтіп, өңірдің Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту стратегиясын іске асырудағы рөлін айқындаудың маңыздылығын көрсетті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174