«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

СҚО Кәсіпкерлер палатасы бизнес субъектілеріне тегін қаржылай емес қызметтер көрсетуді жалғастыруда

2026 жылғы 16 Қаңтар
- Солтүстік Қазақстан облысы
1678 просмотров

Салық есептілігін тапсыру, ЖК немесе ЖШС ашу және жабу, салық салу режимін таңдау, ЭҚЖЖ (ОКЭД) кодын дұрыс анықтау немесе бизнес-жоспар әзірлеуге көмек алу. Солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер бұл қызметтердің барлығын Петропавлдағы «Атамекен» базасында жұмыс істейтін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан (КҚКО) ала алады.

Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы 2025 жылды қорытындылай келе, тегін сервистік және консультациялық қолдаудың шағын және орта бизнес үшін тиімді құралдардың бірі болып қала беретінін растайды. 2026 жылдың басынан бастап КҚКО мен аудандық Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының жұмысы жалғасуда. Себебі бизнесті кәсіби сүйемелдеу - бизнес-жоспар жазудан бастап салық есептілігін тапсыруға дейін - көбінесе табысқа жетудің шешуші факторына айналады.

Өткен жыл қаржылай емес қолдау шараларына деген сұраныстың жоғары екенін көрсетті. Өңірдегі 326 бизнес субъектісі білікті сервистік қолдаумен қамтылды. Бұл ретте кәсіпкерлердің басым бөлігі (289 адам) қызметтерді офлайн форматта алуды жөн көрсе, қалғандары https://g4b.kz веб-порталы арқылы онлайн қызметтерді пайдаланған.

«Біз Петропавл қаласында салық, бухгалтерия және қаржыландыруды тартуға қатысты қызметтердің ең жоғары сұранысқа ие екенін көріп отырмыз. Мәселен, өткен жылы КҚКО-ның бухгалтерлік және салық мәселелері жөніндегі менеджері салық және бухгалтерлік есептілік бойынша 100, статистикалық есептер бойынша 50 қызмет көрсетті. Ал маркетинг мәселелері жөніндегі маман жалпы соммасы 1,1 млрд теңгеден асатын 57 егжей-тегжейлі бизнес-жоспар әзірледі. Сапалы дайындалған құжаттаманың арқасында өңір кәсіпкерлері 878 млн теңгеден астам сомаға несие және 17,6 млн теңгеге гранттар алды. Қолдау жұмыстары бір күн де үзілмеуі үшін осы жылдың қаңтар айының басынан бастап менеджерлеріміз қабылдауды әдеттегі режимде жүргізуде», - деп атап өтті СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Есжан Оразалин.

Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ақпараттық-консультациялық қызметтер аудандық Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарында (КҚО) да белсенді түрде көрсетілуде. Өткен жылы аудан орталықтарында 1700-ге жуық ауыл кәсіпкері мен кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға 8,5 мыңға жуық кеңес берілді.

Палата жұмысының негізгі ерекшеліктерінің бірі - аумақтық қамту. Петропавлға келу міндетті емес - толыққанды кеңестерді 10 аудан орталығынан алуға болады. Ал уақытын үнемдейтіндер үшін қызметтерді қашықтан алуға мүмкіндік беретін https://g4b.kz порталы жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы кеңсесінің көшетінін хабарлаймыз. 21 қаңтардан бастап біз мына жаңа мекенжайда боламыз: Е. Бөкетов көшесі, 31А, «Alem» БО, 2-қабат.

Жұмыс кестесі мен байланыс нөмірлері өзгеріссіз қалады: жұмыс күндері сағат 09:00-18:30-ға дейін, түскі үзіліс -13:00-14:30, тел.: 8 (7152) 50-36-15.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174