«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Ақтөбеде 250-ден астам кәсіпкер салық және бизнесті цифрландыру тақырыбындағы тегін семинарға қатысты.

2026 жылғы 26 Қаңтар
- Ақтөбе облысы
793 просмотров

Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасы мен «БанкЦентрКредит» АҚ Ақтөбе филиалы Сауда және қызмет көрсету салалық кеңесінің аясында өңір кәсіпкерлері мен компания бухгалтерлеріне арналған тегін семинар ұйымдастырды.

Іс-шараға үлкен қызығушылық болды: алдын ала хабарландыру нәтижесінде 250-ден астам қатысушы жиналды. Қатысушылардың ыңғайлылығы үшін семинар екі тілде өткізілді. Бағдарламада бизнес үшін өзекті тақырыптар қаралды: «2026 жылы салық режимін ауыстыру тәртібі. СЕН 910.00, 200.00 формаларын толтыру» және «ҚР Жаңа салық кодексіндегі өзгерістер».

Спикерлер ретінде танымал мамандар сөз сөйледі: бірінші санатты сертификатталған салық кеңесшісі және кәсіби бухгалтер Анастасия Макова, сондай-ақ сертификатталған салық кеңесшісі және қаржы маманы Жанар Қожабаева.

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының директорының орынбасары Руслан Куйшинов салық саласы бойынша білімді жаңартудың маңыздылығын атап өтті.

«Салық кодексін реформалау жөніндегі ел басшылығының тапсырмаларын орындау аясында жаңа кодексті енгізу бойынша Жобалық офис құрылды. «Атамекен» ҰКП Жобалық офисте кейінгі талқылау үшін маңызды мәселелер пулын қалыптастырады. Жауапты тұлға ретінде Ұлттық палата Төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов тағайындалды. Салық заңнамасы бойынша ресми өтініштер мен бастамалар «E-Otinish» платформасы арқылы қабылданады», — деді ол.

«БанкЦентрКредит» АҚ филиалының директоры Гульнар Черниязова, -«Осындай бірлескен ақпараттық семинарлар алдағы уақытта да жалғасады. Бұл кәсіпкерлерді өзекті ақпарат пен бизнес жүргізуге арналған практикалық құралдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті.

 

Қатысушылардың ерекше назарын Аqtobe IT Hub өңірлік менеджері Вера Маринованың сөзі аударды: ол бизнесті цифрландыру, жасанды интеллект қолдану және компанияларға арналған цифрлық преференциялар туралы айтып берді.

Бұл семинар Ақтөбе облысы бизнес-қоғамдастығын дамыту, кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы диалогты нығайту, сондай-ақ өңірдегі компаниялардың қаржылық және цифрлық сауаттылығын арттыру бағытындағы тағы бір қадам болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174