«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың Қостанай облысына жұмыс сапары басталды

2014 жылғы 19 Маусым
- Қостанай облысы
10762 просмотров

Сапар аясында Төралқа Төрағасы прокаттық орнақ өндірісі бойынша «ЕвразКаспианСталь» ЖШС зауытында, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС авто құрастыру өндірісінде және Қостанай ауданындағы «Садчиковское» ЖШС ауыл шаруашылық өнімін өндіру және қайта өңдеу кәсіпорнында болып қайтпақшы.

Сонымен қатар бүгін Тимур Құлыбаевтың төрағалығымен жұмыс жиналысы өтеді. Оған ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов, сондай-ақ Өңірлік кеңес мүшелері мен Өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылығы қатысады.

Кездесуде кәсіпкерліктің дамуы мен өңірде жағымды бизнес-ахуал қалыптастыру мәселелері талқыланатын болады. Сонымен бірге, Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының ұсыныстары мен нұсқаулықтарын талқыға салу жоспарда бар, олар ҚР ҰКП І Құрылтайында айтылатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер