«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Тимур Құлыбаев: Бизнесмендер көрсеткен көмегі үшін ұялмасын

2014 жылғы 19 Маусым
- Қостанай облысы
11124 просмотров

Кәсіпкерліктің имиджін көтеру керек және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жағынан жеткен жетістіктер туралы айтуға ұялуға болмайды. ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Қостанай облысына болған сапар барысында осындай тілегін білдірді.

Атап айтқанда, ол Қостанай облысының әлем чемпиондары мен Олимпиада жүлдегерлерін тәрбиелеп шығаратындығын баса айтты. Және де бұл көбінесе жаңа спорт клубтарын тұрғызып, спортшыларды ынталандырушы кәсіпкерлердің арқасы. Төралқа Басшысының айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің ең алдымен осыған назар аударғаны дұрыс.

«Мұндай нысандар мен жобаларды халыққа көрсету керек, олар туралы айтып жеткізу керек: қараңыздар, міне, адамдар осыған қаржы бөлді, дегендей. Менің білуімше, Василий Розинов облыстағы Меценаттар клубын басқарады. Іс жүзінде сіздердің әрқайсысыңыз қандайда бір үлес қосудасыздар. Бұл туралы айтудан жасқанудың қажеті жоқ», - деп баса айтты Тимур Құлыбаев.

Қостанай облысының Меценаттар клубының 2000 жылы құрылғанын еске сала кетейік. Бұл – түрлі қызмет салаларының өкілдерін жеткен жетістіктері үшін қаржылай ынталандыратын кәсіпкерлердің елдегі жалғыз бірлестігі. Сондай-ақ науқас балалардың емделуіне және мұқтаж жандарға көмектеседі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер