«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қазақстан мен Ресейдің бизнес-омбудсмендері екі ел кәсіпкерлерінің құқықтарын бірге қорғайтын болады

2016 жылғы 10 Маусым
6858 просмотров

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов РФ бизнес-омбудсмені Борис Титовтың шақыруымен Ресей бизнес-омбудсмендерінің VІІ Бүкілресейлік конференциясына қатысты.

Қатысушылар арасында сонымен қатар федералдық министрліктер мен ведомстволардың, мемлекеттік билік органдарының, кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің басшылары мен өкілдері, өңірлік уәкілдер, сарапшылылар қоғамдастығының өкілдері болды.

Қазақстанның бизнес-омбудсмені конференцияда сөз алып, келу мақсатының, ең алдымен, Ресей аумағында қиындыққа тап болған біздің қазақстандық кәсіпкерлерге көмек көрсету мәселелерін Ресейдің бизнес-омбудсмендерімен талқылау болып отырғанын баса айтты.

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қазақстандық кәсіпкерлерден Ресейдегі контрагенттер үстінен шағымдардың көптеп түсетінін атады. Болат Палымбетовтың о    йынша, мұндай жағдайларда РФ кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілдердің жәрдемінсіз мұндай мәселелердің шешілуіне қол жеткізу мүмкін емес.

«Өз кезегімізде біз де ресейлік бизнеске осындай қолдау көрсетуге дайынбыз, себебі бизнестегі адал кәсіпкерлік дұрыс жолға қойылған экономикалық қатынастардың кепілі боларына сенімдіміз», - деп, жалғады сөзін Болат Палымбетов. Ол әріптесі Борис Титовке кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкілдермен арадағы жұмысты меморандум негізінде құруды ұсынды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер