«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанайлықтар Елорданы бағындырмақ

2017 жылғы 21 Шілде
- Қостанай облысы
9036 просмотров

Астанада 28-30 шілде аралығында «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы өтеді. Бәсекелестіктің қатаң талабында Қостанай облысының 9 компаниясы үздік атану үшін бақ сынасады. Үміткерлердің жеңімпаз болуы үшін қандай мүмкіндіктері бар? Анықтап көрейік...

«Үздік азық-түлік тауары» аталымы

«ДЕП» ЖШС

Қостанайлықтар үшін нағыз дәмді әрі пайдалы сүт өнімдері нақты бірнеше компаниямен байланысты. Фирмалар экологиялық стандарттарды сақтап, тұтынушылардың көңілін тек пайдалы тағамдармен аулап алғанына бірталай уақыт болды.

Бұл тізімде сөзсіз көшбасшы атанған «ДЕП» компаниясы да бар. «Деп» компаниясының танымал өнімдерінен қаймақ пен мейіз қосылған сүзбенің дәмін татпаған адам жоқ шығар. Дәмі тіл үйірер май мен йогуртты жас та, кәрі де сүйіп жейді. Ірімшік, айран, сүт – бұл тізімнің соңына жету мүмкін емес. Ал Қостанайда жаздың аптап ыстығын «ДЕП» балмұздағынсыз өткізу тіпті мүмкін емес.

2013 жылы компания «Қазақстанның үздік тауары» байқауының өңірлік кезеңінде жеңімпаз атанып, республикалық деңгейде бірінші орынды иеленді. «Үздік азық-түлік тауары» аталымында  кәсіпорынға тең келері болмады. Арада төрт жыл өткен соң «ДЕП» облыстық байқауға кезекті рет қатысуға ниет білдірді.

«Басты жетістігіміз – біздің өнімдерімізді біледі, ұнатады, тұтынады. Облыста ғана емес, Қазақстанға, Ресей Федерациясына да танымал. Бүгінде америкалық өкілдер қызығушылық танытып, біздің компаниямыз шығаратын қойылтылған сүтті ұнатты. Біз межелеген мақсаттағы сапа көрсеткіші деген осы емес пе?!» – дейді «ДЕП» компаниясының өкірі Анастасия Сахнова.

Кезекті рет тұтынушылар көңілінен шығып, кезекті рет жарқын жеңістің иесі атанды. Төрт жыл бұрынғы аталымда «ДЕП» үшінші орынды иеленіп, еліміздегі үздік компания атану үшін дайындық үстінде.

«Садчиковское» ЖШС

Бәсекелестік – жұмыс істеуге құлшындыратын бірден бір күш. Бұл заң бизнесте әрдайым орын алатыны сөзсіз. Сүт өнімдерін шығаратын өзге де компаниялар болмағанда «ДЕП» компаниясы өзінің жоғары дәрежесінде тұра алар ма еді? Мысалы, «Садчиковское» ЖШС – Қостанай өңіріндегі озық дамыған щаруалықтардың бірі. Бүгінде кәсіпорынның құрамында мал фермасы, сауын орталығы, ірімшік қайнататын өндіріс орны, сары май мен ірімшік шығаратын цех, қырман, сондай-ақ картоп өсіретін жері де бар.

«Садчиковское» компаниясы халық арасында ашытылған сүт өнімдерімен танымал. Компанияның нарыққа шығуымен қостанайлықтар қатты сұрыпты табиғи ірімшіктің дәмін татты. Ол жаңа сауылған сүт пен қайнатылған ірімшіктен жасалады. Таяу уақытта ерекше йогурт жасала бастады. Тұтынушылар дәл осы өндірушінің сүтін көптеп сатып алу керектігін біледі. Консерванттар мен өзге де қоспалар болмағаннан ұзақ уақыт сақталмайды. Сондықтан дәмді әрі пайдалы асты уақытында пайдаланған орынды!

Жоғарыда аталған сапа көрсеткіштері «Садчиковское» компаниясына екінші орынды иеленуге мүмкіндік берді. Өңірлік байқауда «Үздік азық-түлік тауары» аталымының екінші дәрежелі жүлдегері атанып, республикалық байқауға жолдама алды. Астанада да үздіктер қатарынан көріне ме? Ол уақыт еншісінде.

«Аква-Арасан» ЖШС

Кеңестік кезеңде Автоматтан құйып алатын екі есе шәрбат қосылған газды сусынның дәмі ешкімнің есінен кете қоймаған шығар? Қостанайдағы сусын компаниясы дәл сол уақыттағы дәмге үйлесетіндей лимонад шығаруды бастады. Танымал «Алмұрт» сусыны – кәсіпорынның үздік өнімінің бірі әрі тұтынушылар қуана қабылдады.

2015 жылы кәсіпорын жұмысын кеңейтіп, индустриализация картасының аясында «Аква-Арасан» зауыты іске қосылды. Оның қуаттылығыменсағатына 12 мың құты сусын шығаруға мүмкіндік бар. Супермаркеттер сөресіне танымал «Алмұрт» сусынынан бөлек түрлі лимонадтар, «Aisia» маркалы салқын шәй шығарылды. Шабдалыдан бастап шоколадты алхоры, лимон секілді түрлі дәмі талғамға қарай таңдауға жол ашады.

«Кәсіпорын озық технологиямен жабдықталған. Барлық өнім табиғи таза шикізаттан алынады. Бұл қағида болып бекітілген, яғни лимонадтар мен шырын қосылған газдалған сусындарға тек табиғи шикізат пайдаланылады. Біз экспортқа да жұмыс істеп келеміз. Ресейдің Урал қаласының нарығына шықтық. Енді Мәскеу нарығына қарай бағыт алдық», – дейді «Аква-Арасан» ЖШС зауытының басқарушысы Игорь Генни.

2016 жылы «Аква-Арасан» зауыты «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауына қатысып, жүлделі екінші орынды иеленген. Ал биылғы жылы бірінші болуға ешқандай кедергі болмады.

«Халыққа арналған үздік тауар» атылымы

«Ертаева С.Б.» жеке кәсіпкерлігі

«Қазақстанның үздік тауары» байқауына танымал компаниялардан бөлек жеке кәсіпкерлер қатысуға ықылас білдіргені қуантады. Неге қатыспасқа? Өзін танытуға, өнімдерінің сапасын дәлелдеуге, жүлделі орын алуға деген ниет әркімде-ақ бар.

Жеке кәсіпкерлікпен айналысатын Сандуғаш Ертаева Рудный қаласында тұрады. Іскер ханым сапасы жоғары киім тігумен айналысады. Оның тігін шеберханасы ешқашан бос тұрған емес. Үйлену тойы, мерейтой, түрлі салт-дәстүрлерге арналған киімдерге тапсырыс қабылдайтын Сандуғаш Бектасқызы тұтынушылардың көңілінен шығатындай етіп орындап береді. Ұлттық нақыштағы ерекше сөмкелер де Сандуғаш Ертаеваның шеберханасынан табылады. Сәнқойлар танымал бренд сөмкелерден кем түспейтін өнімді қуана қабыл алады.

Байқау комиссиясы іскер келіншектің ынтасына лайықты баға беріп, «Халыққа арналған үздік тауар» аталымының үшінші орнын иеленді. Республикалық байқауда да қатаң қазылар авторлық жұмысқа ерекше баға беріп қалар деген үміт те жоқ емес.

«Аруана 2010» ЖШС

Қостанай облысы ас атасы саналған нанның өңірі екені белгілі. Ұн өнімдері байқауға қатыстырылмауы мүмкін емес. Финалға өткен компаниялар арасында «Аруана 2010» ЖШС бар. Ол ұн мен кебекті өндіріп, экспортқа шығарумен айналысады. Бүгінде компания өнімдері Ресей, Қытай, Иран, Ауғанстан, Моңғолия, Әзірбайжан, Тәжікстан мен Түркия секілді елдердің нарығыннан табылады. Бұл көп профильде жұмыс істейтін, қуатты инфрақұрылымы бар нағыз заманауи кәсіпорын.

«Аруана2010» ЖШС сапасы жоғары өнім шығаратынын жасырмайды. Аттесталған өндірістік-техникалық зертхана технологиялық үдерістің барлық кезеңінде үнемі бақылау жүргізеді. Диірмен кешені компьютерлік басқаруға қосылған, тәулігіне 380 тонна ұн тартуға мүмкіндігі бар. Егер «Патша» маркалы ұннан нан пісіріп көрсеңіз, онда бұл «Аруана2010» компаниясының өнімі екенін назарда ұстаңыз. Қостанайдың наубайханаларында мұның бағасы жоғары. Дәл байқау қазыларының бағасындай. «Халыққа арналған үздік тауар» аталымында лайықты күміс жүлдені иемденді.

«Тобольское 1» ЖШС

Кәсіпорынның тарихы 1997 жылдан бастау алса да «Особа» сауда маркасымен шығарылатын шұжық және ет тағамдары нарыққа таяуда ғана шықты. «Тобольское-1» ЖШС «Иволга» холдингінің құрамына кіреді. Қазақстанда етті қайта өңдейтін, әлемдік танымал өндірушілердің жабдықтары қойылған ірі кәсіпорындардың бірі.

Фирма тауарының сұрыпталымы ауқымды, жартылай дайындалған және деликатесті етті 100-ден атсам түрі бар. «Особа» сауда маркасының дәмі ерекше болғандықтан тек Қостанай облысында ғана емес, одан да басқа аймақтарда тұтынушылары көп. Айталық, кәсіпорында экологиялық сапа менеджментінің жүйесі енгізілген, бұл жеңімпаздарды анықтауда тағы бір ерекшелік болып саналады.

Былтыр өткен өңірлік байқауда «Тобольское-1» ЖШС үздік сұрыпталым үшін арнайы сыйлықпен марапатталған еді. Ал биыл сәттіліктің айы оңынан туып, «Халыққа арналған үздік тауар» аталымында бірінші орынды иеленді.

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымы

«МедиДез» ғылыми-өндірістік бірлестігі» ЖШС

«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауында ашылған жаңалықтардың бірі – «МедиДез» ғылыми-өндірістік бірлестігі» ЖШС. Бұл компания 2013 жылдан бері танымал. Нарыққа инфекцияға қарсы құралдарды тасымалдайтын озық компаниялардың бірі. Бұрындары бұл компания шетелдік танымал брендтердің инфекцияға қарсы құралдары мен медициналық жабдықтарын жеткізіп отырған болса, былтырдан бері өз өндірісін іске қосты: жаңашыл, заманауи, барлық талаптар мен стандартқа сай келеді.

«Аурухана гигиенасы саласына мамандана отырып, емделушілер мен мекеме қызметкерлерін түрлі инфекциядан қорғауды назарда ұстаймыз. Мысаны, бізде эндоскоптарды түрлі кезеңде тазалайтын препарат түрлері бар, алдын ала тазалаудан бастап жоғары деңгейде уытсыздандыру мен зарарсыздандыруға дейін жүзеге асырылады», – дейді «МедиДез» ғылыми-өндірістік бірлестігі» ЖШС коммерциялық директоры Асхат Нагурбеков.

Отандық өндірісте өршіл ойлардың жүзеге асырулың жарқын әрі лайықты мысалы бола алатын компанияның талпынысына жоғары баға беріліп, «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымының үшінші орынын иеленді.

«Евраз Каспиан Сталь» ЖШС

«EXPO–2017» көрмесін тамашаладыңыз ба? Нысан құрылысында Қостанайда өндірілген материалдар пайдаланылды. Әсіресе, «Евраз Каспиан Сталь» ЖШС өндірген арматура қолданылды.

Кәсіпорын республикалық байқауларда жеңімпаз атанбаған, бірақ соңғы екі жылда тұрақты түрде жоғары көрсеткіштерін танытып, «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауында жеңімпаз атанды. Былтыр «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Іскер» арнайы сыйлығының дипломанты атанды.

«Евраз Каспиан Сталь» ЖШС илемдік орнағының жобалық қуаттылығы жылына 450 000 тонна өнім өндіреді. Зауытта сапа бақылауына ерекше назар аударылған. Кәсіпорын 2015 жылы ИСО 9001 сапа менеджменті жүйесінің инспекциялық аудитінен сәтті өтті. Жалпы алғанда бұл «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымында екінші орын иеленуге мүмкіндік берді.

«S.M.F.-System»

Сараптамалық комиссия мүшелерінің пікірінше «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымында «S.M.F.-System» тоқылмаған материал фабрикасы» ең үздік атанды. Бүгінде отандық геотоқыма, геокомпозит, геокаркас, синтепон, холлофайбер, тігін және жиһазға арналған, су өткізетін мамбрана өндірісінде озық кәсіпорындардың бірі.

Өнімді қайдан алады? Геотоқыманы полимерлік талшықтан дайындады. Өз кезегінде пластик құтыларды қайта өңдеуден алынады. Былайша айтқанда, құрылыс жұмыстарының сапасын жақсарту үшін тұрмыстық қалдық заттарға екінші «өмір» сыйлайды. «S.M.F.-System» фабрикасының материалдары Құбыр желісі мен ірі өнеркәсіп нысанының құрылыс есепке алмағанның өзінде,  республикалық мақсаттағы тас жолдардың көбіне қолданылады.

Фирма бұл жеңіске мақсатты түрде үш жыл қатарынан келді. Міне, көптен күткен жеңіс қолға тиеді. Өз саласының үздігі атанды. Енді республикалық байқауда Қостанай өңірінің атынан қатысады.

Байқап отырсақ, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауына Қостанай облысынан қатысатындар тізімі айтарлықтай салмақты. Шығарылатын өнім сұрыпталымы әр түрлі.Үміткерлерге сәттілік тілейміз. Жеңіс жолындағы әр қадам жемісті болсын!


Еншілес ұйымдар

Серіктестер