«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

#5жыл: басымдық - бизнестің мәселесін шешу

2018 жылғы 13 Маусым
5359 просмотров

Бес жыл бұрын «Атамекен» кәсіпкерлер мен бизнес-қоғамдастық үшін диалог алаңы ретінде құрылды. Сол уақытта Ұлттық палатасы негізгі басымдық ретінде бизнестің түйткілді мәселесін шешуді анықтап алды. Бұл бағытта қарқынды дамып келеді.

Өтінім беру

«Атамекен» құрылған осы 5 жылда кәсіпкерлер тарапынан 23,5 мың өтінім түскен. Статистика бойынша 2016 жылы ең көп өтінім қабылданған – 7 225.

Ұлттық палатаның есептеуінше, кәсіпкерлер тарапынан шағым 2014 жылдан бастап артып отыр. Алайда былтырдан бастап бизнесті қорғауда оң серпін байқалады.

2017 жыл бизнес даму векторын өзгертті. Бұрындары жер қатынастары мен салық сатып алулар мәселелері алдыңғы орында болса, 2017 жылы кәсіпкерлер арасындағы дауға қатысты өтінім саны 20%-ды құрады. Ал әкімшілік кедергілер бойынша өтінім 9%-ды көрсеткен. Бұдан шығар қорытынды, бизнес-қоғамдастықтың мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы оң шешіліп келеді.

Өтінімдердің 40%-дан астамы оң шешілген, ал қорғалған құқықтың жалпы сомасы 111,3 млрд теңгеден асты. Бұған алынып тасталған айыппұл, өсімпұл, мемлекеттік органдар қайтарған қаражат, сондай-ақ бизнестің сақталған мүлкінің құны жатады Нәтижесінде «Атамекенге» жүгінген әрбір екінші кәсіпкер мәселесін шеше алатынына көз жеткізуге болады.

Жыл сайын бизнестің сақталған мүлкінің құны артып келеді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ықпалымен 2014 жылы қорғалған мүліктің құны 8,4 млрд теңге болған, 2015 жылы – 14,4 млрд теңге, 2016 жылы – 28,9 млрд теңге, 2017 жылы – 45,2 млрд теңгеге жетіп, рекордтық көрсеткішке айналды. Ал 2018 жылдың І тоқсанында14,4 млрд теңге болды.

Құқық қорғау жөнінегі кеңес

«Атамекен» құрылған алғашқы жылы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңес, сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл кеңесі жұмысын бастады. Сонымен қатар өңірлерде де кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңестер құрылды. Олардың жұмысы кәсіпкерлер құқығының бұзылуына жедел де жүйелі әсер ету және көпшілікке жариялауға бағытталған. Кеңес құрамына депутаттар, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, бизнес және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.

Былтырдан бастап кеңестің атауы өзгертіліп, Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі болды. Кеңес төрағасы – Қайырбек Сүлейменов.

Кеңес отырысында негізінен санитарлық-экпидемиологиялық қадағалау, мемлекеттік сатып алулар, көліктік бақылау, мектепке дейінгі білім беру және мемлекеттік бағдарламалар салаларындағы мәселелері көтеріледі.

Бизнес омбудсмен

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау саласындағы жұмысты 2016 жылы ҚР бизнес-омбудсмен институты күшейтті. Сол жылы 19 ақпанда Мемлекет басшысы Қазақстан кәсіпкерлерінің ресми уәкілі етіп Болат Палымбетовты тағайындады.

Бизнес-омбудсменнің аппараты Ұлттық палатаның құқықтық блогы мен өңірлердегі құқықтық блоктар кіреді. Кәсіпкерлердің құқықығын қорғау жүйесінде 330 маман жұмыс істейді.

Институт құрылғаннан бастап Болат Палымбетов еліміздің барлық өңірін аралап, кәсіпкерлермен кездесіп, түйткілді мәселелер қарады. 2 мыңнан аса кәсіпкер бизнес-омбудсменнің жеке қабылдауында болды. Сонымен қатар облыстарда әкімдермен және прокурорлармен кездесулер өтті.

2016-2017 жылы бизнес-омбудсмен аппараты 12 400-ден астап өтінімді қарады. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығы мен мүддесін қорғау мәселелері бірнеше мәрте халықаралық аренада қаралды. 2017 жылдың қыркүйек айында Астанада Қазақстан мен Ресей бизнес-омбудсмендерінің бірінші форумы өтті. Оған Ресей Федарциясының 40 өңірінен өкілдер келді. Форумда өзара көмек көрсету және ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

Мұнымен қоса, бизнес-омбудсмен ҚР Президенті жанындағы Сыбайлас жемқоролыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия және ҚР Президенті жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің жұмысына қатысады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер