«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Павлодарда сапа байқауының қатысушысы голландиялық раушан гүлі мен қызанақ өсіреді

2018 жылғы 12 Шілде
- Павлодар облысы
9846 просмотров

20 шілдеде Павлодарда «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының өңірлік кезеңі өтеді

Байқауға жыл сайын өңірдегі үздік тауар өндірушілер жиналып, бәсеке мен сапаның жаңа деңгейін анықтап, адал кәсіптің сынына түседі. Солардың бірі Екібастұз қаласындағы жылыжай кешені биыл үздіктер қатарының алды болуға ұмтылған. Жалпы аумағы 10 гектар жылыжайда голландиялық раушан гүлі мен қызанақтардың бірнеше сұрпы өсіріледі.

Жылыжай кешенінде 2015 жылы раушан гүлін өсіру қолға алынған. Ал 2017 қызанақ өсірудің жаңа өндірістік қуаты іске қосылды. Жылыжайда Голландияның жергілікті климаттық жағдайға бейімделген озық технологиясы қолданылады.

«Венло» типіндегі заманауи жылыжайдың қолданылуы анағұрлым танымал. Олардың құрастырылуында ЕО сертификатының қатаң нормасы сақталған. Олар жақсы герметизацияланған, жоғары деңгейде автоматтандырылған. Энергия үнемделеді, көкөніс өсірудің озық технологиясын іске асыру мүмкіндігі зор», – дейді кәсіпорын директоры Ерлан Матымов.

Бүгінде кәсіпорында 175 жұмысшы бар, олардың әлеуметтік қорғау пакеті толық сақталған. Сонымен қатар 2019 жылдан бастап 12 гектар жерге өндірісті бастауды жоспарлап отыр. Жаңа жылыжайды пайдалануға беру үшін 200-ге жуық маман оқытылып, жұмысқа орналастырылған.

«Голландиялық раушанның 3 сұрпын өсіреміз, сондай-ақ қызанақтың 6 сұрпы бар, «QazTomat» маркасымен шығарылады. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруде тиімді саналатын голландиялық технология қолданылады. Өндірістік қуаттылықтан күн сайын 35 мың дана раушан гүлі мен тәулігіне 10 тонна қызанақ алып отырмыз», – деп атап өтті кәсіпкер.

Жылыжай кешенінде өсірілетін барлық өнім ҚР заңнамасына және халықаралық келісімге сәйкес қатаң сертификаттаудан өтеді.

ҚР Президентінің Жарлығымен «Алтын сапа» сыйлығын иеленуге арналған байқауға және «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы жыл сайын өткізіледі. Бұл байқаулардың басты мақсаты – отандық тауар өндірушілерді қолдау, тауар мен қызмет сапасын арттыруға ынталандыру, отандық тауар өндірушілердің брендін ілгерілетуге ықпал ету.

«Жыл сайын сапа байқауында өңір атынан үздік тауар өндірушілер қатысып келеді. Олар нарыққа сапасы жоғары әрі бәсекеге қабілетті өнім шығарумен үлес қосып отыр», – дейді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Таңшолпан Бақаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер