«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қарағанды облысы – «Бастау» жобасын жүзеге асыру тиімділігі бойынша бірінші орында

2018 жылғы 05 Желтоқсан
- Қарағанды облысы

Бизнес-курсқа қатысқан әр үшінші тыңдаушы өз кәсібін аша алды. Қарағандылықтардың стартаптарын қаржыландыруға биыл 2,5 млрд теңге жұмсалды.

Былтыр ғана іске асқан жоба Қарағанды облысында мыңнан астам жұмыссыз бен өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамға кәсіпкер атануға көмектесті. Биыл жоба өңірдің барлық ауданы мен қалаларын қамтыды.

2017 жылы «Бастауй жобасы бойынша 1313 адам оқыды, жеңілдетілген несие түрінде қаржылық қолдауды (1,5 млрд теңге) жобаның 400 түлегі алып, жеке кәсіпті бастады. Биыл Қарағанды облысы 1989 жұмыссызды оқытып, рейтингте көшбасшы позицияға ие болды. Осы ретте 600 жоба (2,5 млрд теңге)  нелері несие алып, кәсіпкерлікті қолға алды.

Өткен аптада биылғы жылға жоспарланған алтыншы лек аяқталды.  

Айта кетелік, «Бастау» курстарында «егер бизнес біреуде жүрсе, оған жай ғана сәттілік серік болған деген» стеореотипті жоққа шығаруда. Шын мәнінде барлық нәрсеге оқу керек кәсіпкерлік те білімді қажет ететін сала. Бизнес-тренерлер адамға идеяны қолға алып, табысқа сенуге көмектесу керек, сол уақытта ұшқыннан алау туады деп санайды.

 Жоба аясында уақыттың басым бөлігі маркетингке, өткізу нарықтарды зерттеуге, бәсекелік мәселелеріне жұмсалады. Тыңдаушылар сатуға, жарнамалауға үйренеді. Негізгі модуль – қаржылық сауаттылық. Тыңдаушылар жеке бизнес-жоспарларын жазады, қаржылық жобалау, қаржылық есепті жасауды үйренеді, тиімділік, таза қалдық сияқты терминдерді түсіне бастайды. Бағдарламада салық, бизнесті сүйемелдеу, egov.kz сайты бойынша жекелеген модуль қарастырылған.

 «Бастау» сертификатын алған соң түлек кәсіп бастау немесе қолданыстағы бизнесті кеңейту мақсатында ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау, «Аграрлық несие коропорациясы» қаржыландыратын шағын несиелеу ұйымдары, мен несиелеу серіктестіктер  жеңілдетілген несиені ала алады. Өз кезегінде Кәсіпкерлер палатасы әр жобаның жүзеге асуын сервистік қолдау түрінде сүйемелдейтін болады», – деді ӨКП Қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Жақсылық Ахметбеков.

Айта кетелік, 2019 жылдың басынан Қарағандыда «Atameken-Qaragandy» шағын несиелеу ұйымы ашылады. Енді «Атамекен» ҰКП оқытып қана қоймай, сонымен қатар ауыл-аймақ және моно қалаларда жобаларды қаржыландыра бастайды. Осылайша өңір тұрғындары жеке кәсіп ашуға қажет жеңілдетілген несиелерге қол жеткізе алады.  

   

 ҰКП жүргізген талдау нәтижесі Қазақстанда жұмыс істеп тұрған шағын несиелеу ұйымдары жоғары пайызбен несие ұсынатыны анықталды, бұл жайт кәсіпкерлер үшін ауыр. Ұлттық палатаның бастамасы мен ірі бизнес қызығушылығы шағын несиелеу ұйымдарына жаңа серпін береді.  

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер