«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Солтүстік Қазақстан облысында «Бастау» жобасының 2-легі жүріп жатыр

2019 жылғы 14 Мамыр
- Солтүстік Қазақстан облысы

«Бастау» жобасы бойынша оқу жүріп жатыр. Оқудың екінші легіне жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар 13 топқа бөлінген

Оқу аяқталғаны туралы сертификаттарды қатысушылар мамыр айының соңында алып, мемлекеттік грант, жеңілдетілген несиені алуға мүмкіндік алады.

Жеке кәсіп ашу мүмкіндігін пайдаланған азаматтардың бірі – Айыртау ауданының тұрғыны Федор Кваченко. Осыған дейін ол жалға жұмыс істеп, жиһаз жинаумен айналысқан. Соңғы екі жыл бойы шебер жеке цех ашуды армандаған. Арманы биыл орындалды.

«Қажетті де пайдалы «Бастау» жобасы үшін алғыс білдіргім келеді. Оқу барысында бізге барлығын көрсетіп, қарапайым әрі оңай тілмен түсіндірді. Бизнес-тренер жаттығуларға жауапкершілікпен қарайды. Қойылған сұрақтарға дәйекті жауап беріп, сабақ тақырыптарын жақсы ашады. Тәжірибе мен біліктілігі байқалады», – деді Федор Кваченко.

 Жас бизнесмен жеке кәсіп ашу бойынша кеңес алу үшін Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына жүгінген. Қазірдің өзінде Кәсіпкерлер палатасының мамандары Федор Кваченкоға салықтық және бухгалтерлік есептерді тапсыру бойынша кеңес беріп, мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат беруге дайын. «Бастау» түлектерінің барлығы жеңілдікпен несие алып, 252 мың теңге көлемінде мемлекеттік грант алуға мүмкіндіктері бар.

«Кәсіпкерлер палатасы маған 100 АЕК көлемінде қайтарымсыз қаражат алуға көмектесті. Бұл қаржы жабдық алуға жұмсалды. Бұдан бөлек 6 млн теңгеге несие рәсімдедік. Бизнеске салым қажет. Сондықтан жеке қаражатымнан 5 млн теңге жұмсадым», – деп бөлісті  Федор Кваченко.

 Қазір Федор Кваченко үш ауыл тұрғынына жұмыс беріп отыр. Аудан тұрғындарына сапалы әрі арзан жиһаз қолжетімді болды. Енді айыртаулықтар аудан аумағынан шықпай корпусты және кеңсе жиһазына тапсырыс бере алады. Сонымен қатар цех жұмысшылары сауда нүктесіне арналған жиһазды дайындай алады.

Жақын арада бастауыш кәсіпкерлер қатары «Бастау» жобасының 345 түлегімен толығады. Қазір облыстың 13 ауданынада жобаның екінші легі бойынша оқу жүріп жатыр. Қатысушылар 27 мамыр күні жобаларын  қорғап, сертификаттарын алады.


Ұқсас жаңалықтар:

Зейнетке шығып, кәсіп бастады
24 Сәуір
2019
Солтүстік Қазақстан облысы
«Бастау»  арманды орындауға көмектесті
27 Қараша
2018
Солтүстік Қазақстан облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер