«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Арыс. Бизнес бизнеске көмектесуде

2019 жылғы 18 Шілде
- Түркістан облысы
10713 просмотров

Арыстағы тіршілік біртіңдеп өз қалпына келуде. Бір мезетте қаңырап қалған шаһар күннен күнге жанданып келеді, бұл жерде қалпына келтіру жұмыстары қызу жүріп, аталған науқанға бүкіл елден бизнесмендер де атсалысып жатыр.

Бүгінде Арыс қаласы елдің аумақтық саны бойынша 17 секторға бөлінген. Жарылыстардан зақымданған кәсіпкерлік объектілерінде тәуелсіз бағалаушылар жұмыс істеп, ақаулар актілері құрыдып жатыр.

 Объективтілік және бизнесмендердің құқығын қорғау мақсатында бұл жұмысқа Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері де жұмылған. Олар төтенше жағдайдан зардап шеккен кәсіпкерлердің біреуі де назарсыз қалмауын қадағалап, кәсіпкерлердің мұң-мұқтажын есепке алған. Кәсіпкер ақау актісіне қол қойған соң, құжат жобалық ұйымдарға жіберіледі. Жобалық ұйымдар акт бойынша смета құрады, содан кейін құрылыс компаниялары іске қосылады.

 Қазіргі таңда Арыс қаласында 400-ден астам бизнес-объектісін қалпына келтіру керек. Естеріңізге салсақ, Арыс қаласының кәсіпкерлерін қолдау үшін «Бизнес бизнеске көмектеседі» жобасы іске қосылды, оның шеңберінде Қазақстанның 12 ірі компаниясы зардап шеккен кәсіпкерлерге қаржылық көмек беруді бастап кетті. Қазіргі таңда қаржылай 510 млн теңге «Менің Атамекенім» шотына түсті. Қалған ірі компаниялар зардап шеккендерді қолдау бойынша келісімшарттарды жасау кезеңінде тұр.

 «Біз 472 коммерциялық объектіні санадық, соның ішінде 395 объекті келтірілген зардапты өтеуге жатады, ал 8 объекті толығымен жанып кеткен. Қазіргі таңда Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы Арыс кәсіпкерлеріне консультациялар беріп, өтемақы төленуі үшін олардан жылжымайтын мүлікке құқықты растайтын және кәсіпкерлік қызметке рұқсат беретін құжаттарды қабылдауда. Бүгінде құжаттардың 163 топтамасы қабылданды», – деп атап өтті Дінмұхамед Әбсаттаров.  

 6 бизнес объектісі бойынша «Алжа құрылыс» ЖШС құрылыс компаниясы тартылды. Объектілер бойынша демонтаж жұмыстары жүргізілуде. Келтіріген зардапты өтеуге жататын кәсіпкерліктің 18 нысаны бойынша мердігерлік құрылыс ұйымдары анықталды.

 Қазіргі таңда Арыс қаласының шағын және орта кәсіпкерлігінің 22 объектісіне 62,4 млн теңге сомасында көмек көрсетілді. Бұл қаражат жөндеу  және объектілерді қалпына келтіру жұмысына жұмсалады. Осы ретте келтірілген зардап мөлшері анықталған объектілер бойынша жөңдеу жұмыстары басталып кетті. Осылайша Арыс қаласындағы 201 коммерциялық объекті өз тұтынушылары үшін есіктерін ашты.

Бұдан бөлек, Арыс қаласындағы «Кәсіпкерлік мектебі» ғимаратында Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлер жылжымайтын мүлікке құқықты растайтын құжаттарды қабылдауда. Сонымен қатар Палата мамандары зардапты өтеу, несиелерді төлеу мерзімін шегеру немесе жылдық 1%-бен 5 млн теңгеге дейін несие алу бойынша консультациялар беруде. Бүгінде Арыс бизнесмендері жеңілдікпен несие алуға жалпы сомасы 1,8 млрд теңге құрайтын 368 өтінім берді. Палата қызметкерлерімен 3256 кеңес берілді, электронды үкімет порталы арқылы 2375 анықтама берілді.

  Естеріңізге салсақ, Қазақстан кәсіпкерлері бизнес-объектілерді қалпына келтіру жұмысынан басқа Арыс қаласының әлеуметтік  маңызды нысандарын қалпына келтіруге көмектесіп жатыр.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер