«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қарағанды облысында бес мың адам кәсіпкерлік негіздерін оқиды

2019 жылғы 24 Қыркүйек
- Қарағанды облысы

 «Бастау» жобасы үш жыл бойы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды кәсіпкерлік қызметке жұмылдырып келеді. Оқу және оның нәтижесі туралы деректерді Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов хабарлады

«Бастапқыда тестілеу өткізіледі, содан кейін топтарға 30-дан 70 адамға дейін бөледі, ары қарай жеке оқыту жүзеге асырылады. Биыл жұмысқа жеке қабілетті арттыру кеңесшілері – психологтар да тартылды. Соңғы кезеңде жобаға қаржыландыру бөлінге дейін 12 ай ішінде сүйемелдеу көрсетеміз, бухгалтерлік және заңгерлік сүйемелдеу көрсетіледі», – деді  Ернар Күлпейісов.

 2019 жылы жоспар бойынша 5000 адам оқуы керек, соның ішінде «Бастау» жобасымен 3700 тыңдаушы, «Жас кәсіпкер» жобасымен – 1300 адам оқыту жоспарланған. Қазіргі таңда 2 350 тыңдаушы оқтылды, соның ішінде «Жас кәсіпкер» жобасымен жоспар орындалды – 1350 адам оқытылды, ал «Бастау» жобасымен  – 1000 адам оқыды. Ернар Күлпейісовтың айтуынша, қазір төртінші лектің оқуы жүріп жатыр, 29 қарашада оқу аяқталады.

 Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек оқудан кейін жұмыс табатын адамдар үлесін сұрады, ӨКП директорының айтуынша, олар 40%-ды құрайды. Тұрғындарды кәсіпкерлік негіздеріне оқытады, салық және бухгалтерлік есептілік жүргізуге үйретеді. Әр тыңдаушы ментор бағыттаған өз жобаларын анықтайды. Кәсіпкерлік негіздерге тұрғындарды 16 коучер оқытуда – оларды іріктеу жұмысы орталықтан жүргізіледі, оларды бір ай ішінде дайындап, оқытады.

 Қарағанды өңірінде сатып алулар бойынша комиссия құрылған, оның жұмысы облыс әкімінің орынбасары Алмас Айдаровтың жетекішілігімен реттеледі. Тауар өндірушілерімен 10 жиын, 40 жұмыс кездесуі өткізілді.

Жеңіс Қасымбек мониторинг жүйесін автоматтауды ұсынып, бұл жұмысты Алмас Айдаровқа тапсырды.

 «Біз бұл туралы ұсыныстарды жібереміз, алайда  біздің қажеттіліктерімізге, жергілікті қамтуға қарай бейімделген жергілікті деңгейді жеке мониторинг жүйесі болуы керек деп санаймыз», – деді Алмас Айдаров.  

 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер