«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Кадрларды даярлаудағы жұмыс берушілер

Түлектерге қойылатын біліктілік талаптары жаһандану, өнеркәсіп пен қоғамдағы үздіксіз құрылымдық өзгерістерге байланысты үнемі кеңейіп, артып келеді. Қазіргі кәсіптерге арналған білім беру стандарттары және оқытудың қолданылатын әдістері білім алушылардың кәсіби қасиеттерін ашуға ықпал етуге тиіс.

Экономика шебер оқушыны «бір-бірлеп» даярлау дәстүрін дуальды оқыту жүйесіне айналдырды.

Дуальды оқыту – кәсіпорындар мен колледждердің өзара тығыз іс-қимылы негізінде білікті қызметкерлерді даярлау: оқушылар шебер-мамандарды даярлаудан өткен жұмыс орнында кәсіпке оқып үйренеді.

Дуальды жүйе екі міндетті бірден шешеді: оқу үрдісінде теориялық және практикалық дайындықты біріктіреді. Оқумен бір мезгілде оқушылар таңдаған мамандығын тікелей өндірісте меңгереді, яғни бірден екі жерде: аптасына 1-2 күнде колледжде, қалған уақытта кәсіпорында оқиды.

Кәсіпорын үшін бұл қызметкерлерді дәл «тапсырыс бойынша» дайындау, олардың барлық талаптарына максималды сәйкестігін қамтамасыз ету, қызметкерлерді іздеу мен таңдау, оларды қайта даярлау және бейімдеу шығындарын үнемдеу мүмкіндігі. Сонымен қатар ең жақсы студенттерді таңдауға мүмкіндік бар, өйткені үш жыл ішінде олардың барлық күшті және әлсіз жақтары айқындалады. Бұл тәсіл студенттерді оқуға итермелейді. Жаңадан бастаушылар бірден толықтай және өнімділікпен жұмыс істей алады, олар кәсіпорынның өмірін жақсы біледі және өзін «өздерінікі» сезінеді.

Мұның бәрі кадрларды шоғырландыруға және тұрақсыздықты азайтуға көмектеседі, бұл өндіріс үшін маңызды.

Кадрларды даярлауға қатысу кәсіпорынның беделіне және оның еңбек нарығындағы жұмыс беруші ретіндегі атағына оң әсер етеді. Сонымен қатар ол таңдау құқығына ие және ол оқуды өзінде ұйымдастыра ма, жоқ па, өзі шешеді.

Жастар үшін бұл ерте бастан өз алдына дербес болуға және ересек өмірге ауыртпалықсыз бейімделуге тамаша мүмкіндік. Оқу барысында олар кәсіпорындағы жұмысы үшін ақшалай сыйақы алады, ал оны бітіргеннен кейін олар жақсы дайындықпен жұмысқа орналаса алады.

Дуальды жүйе ақпараттың жетіспеушілігінен және практикалық дайындықтың әлсіздігінен туындаған оқытудың басқа түрлерінен қарағанда, еңбек қызметіне біртіндеп, күйзеліссіз енуді қамтамасыз етеді. Бұл нақты еңбек міндеттерін орындауды үйренуге ғана емес, сонымен қатар ұжымда жұмыс істеу қабілетін дамытуға, әлеуметтік құзыреттілік пен жауапкершілікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мемлекет үшін, экономика салалары үшін білікті кадрлар даярлау міндеті тиімді шешілуде. Мемлекет ТжКБ жүйесін қаржыландыра отырып, кәсіпорында мамандар даярлауды қолдайды.

Бұдан басқа, оның құзыретіне құқықтық бақылау және кәсіптік оқыту мәселелері бойынша өңірлік палаталармен ынтымақтастық жатады. Бұл палаталардың міндеттеріне кәсіпорындарда оқушыларды оқыту үшін қажетті жағдайлардың болуын бақылау, сондай-ақ емтихан комиссияларын құру кіреді.

Дуальды оқыту моделі

Кәсіби бағдарлау

Дуальды оқытуды енгізудің жол картасы

Дуальды оқыту жол картасының 2016 жылғы қазан айындағы іске асу барысы

Дуальды оқыту шарттарының тізілімі

Тәлімгерлік институтын дамыту

Сертификатталған тәлімгерлер тізілімі

Кәсіпорындарды дуалды оқытуға тартудың кезең-кезеңімен жүргізілетін моделі

Білім беру бағдарламалары бойынша сарапшылардың тізімі

Нормативно-правовые акты по дуальному обучению:

  1. «Білім туралы» ҚР Заңы
  2. ҚР Еңбек кодексі
  3. Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
  4. Дуальды оқыту туралы ереже
  5. Дуальды оқыту туралы шарт

Дуальды оқытуға қатысу қадамдары:

  1. Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгіну
  2. Өңірлік кәсіпкерлер палатасына қажеттілік туралы өтінім беру.
  3. Шарт жасасу үшін колледжді таңдау
  4. Дуальды оқыту туралы шарт жасасу
  5. Шартты өңірлік кәсіпкерлер палатасында тіркеу
  6. Білім беру бағдарламаларына өз талаптары бойынша түзетулер енгізу, өндірістік оқыту мен кәсіптік практика кестесін келісу (кәсіпорын базасында оқытудың 60%-ы)
  7. Тәлімгерді студенттерге бекіту
  8. Оқытып-үйретуге кірісу

 

Сұрақ: Дуальды оқыту дегеніміз не?

Жауап: Колледжде оқытуды кәсіпорындағы өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны (кәсіпорын базасында оқу уақытының 60%)

Сұрақ: Дуальды оқытудың қандай артықшылықтары бар?

Жауап: Білім беру бағдарламаларын өз талаптарына сай жаңарту,

кәсіпорын базасындағы практиканың оқу уақытының 60%.

Студенттер үшін шығындардың бір бөлігін өтеу

Сұрақ: Дуальды оқытуға кім қатыса алады?

Жауап: шағын, орта, ірі бизнес (ЖК, ШҚ, ЖШС, АҚ, консорциум)

Сұрақ: Егер кәмелетке толмаған студент жұмысқа тартылса?

Жауап: Еңбек кодексіне сәйкес жұмысқа ата-анасының келісімімен 14 жастан асқан тұлғалар жіберіледі

Сұрақ: Дуальды оқыту кезінде білім беру бағдарламаларын кім құрастырады?

Жауап: Колледж жұмыс берушілермен бірлесіп, нарықтың нақты талаптарына сәйкес білім беру бағдарламасын құрастырады

Сұрақ: Егер колледж оқу бағдарламаларын өзгертуге құқығы жоқ деп айтса?

Жауап: МЖМБС-ның 2-тарауының 13-тармағына сәйкес:

     1) міндетті оқытуға бөлінетін жалпы сағаттар санын сақтай отырып, циклдер үшін оқу материалдарын меңгеруге бөлінген оқу уақытының 50%-ына дейін, дуальды оқыту кезінде 80%-ға дейін өзгертеді;

      2) әрбір пән бойынша дуальді оқыту, өндірістік оқыту, оның ішінде модульдерге интеграцияланған (енгізілген) пәндер бойынша оқу бағдарламаларының мазмұнын 80%-ға дейін өзгертеді;

      3) міндетті оқытуға арналған жалпы сағат санын сақтай отырып, жұмыс берушінің талаптары бойынша қосымша пәндер (кәсіби модульдер) енгізеді;

Сұрақ:  Жұмыс беруші жалақы төлеуге міндетті ме?

Жауап: Жұмыс берушінің қалауы бойынша төлемді тағайындауға болады

Сұрақ:  Студенттердің жұмыс орнына келуіне кім жауап береді?

Жауап: Колледж бекіткен практика жетекшісі

Сұрақ:  Кеңес алу үшін қайда жүгінуге болады?

Жауап: Сіздің облысыңыздың өңірлік кәсіпкерлер палатасына

Еншілес ұйымдар

Серіктестер